spot_img
Дүйсенбі, Тамыз 18, 2025
11.9 C
Kokshetau

Жастар референдумды қолдайды!

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін, 2022 жылдың 2 маусымында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде конституциялық реформаларды түсіндіру мәселелеріне арналған «Жастар референдумды қолдайды» тақырыбында оффлайн форматында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға жоғары оқу орнының жас ғалымдары, студенттік парламент мүшелері, белсенді студенттер, Іс-шараға  Ақмола әкімшілігі мен мәслихатының «Арқа ажары» облыстық газеті, «Көкше» облыстық арнасы қатысты.

Дөңгелек үстел модераторы Басқарма мүшесі, ғылыми жұмыс және өңірмен өзара іс-қимыл жөніндегі проректор Жақыпова Айгүл Досжанқызы қатысушыларды  спикерлермен таныстырып, алдағы уақытта өткізілетін республикалық референдумның мәні мен мақсаты жөнінде айтып берді.

«Ақмола облысы жастар ресурсы орталығы» МКМ-нің ақпараттық-талдау бөлімінің жетекшісі Сыздыкова Ляззат Қуатқызы өз сөзінде өткізілгелі отырған референдумның  маңызы зор екендігі және  бүгінгі күні белсенді жастар саны көбейіп келе жатқаны, сонымен қатар қоғамдағы өзекті сұрақтарды, саяси мәселелерді талқылауда жастардың үні маңызды орын алатынын айтты.

Дөңгелек үстел барысында «Тарих» білім беру бағдарламасының 2 курс докторанты, жас ғалым Талапкер Уәлиев сөз сөйледі. Ол Қазақстан тарихы контексінде ҚР Конституциясының қалыптасу тарихына жан-жақты тоқталды.

Атап айтқанда, ол 1993 жылы алғашқы Конституцияның қалай құрылғанын, 1995 жылы 30 тамызда қабылданған екінші Конституцияның тарихи рөлі мен маңыздылығын айтты.

Қорытындылай келе, Конституция – саяси тұрақтылықтың маңызды факторы, азаматтық бейбітшіліктің, әлеуметтік және ұлттық келісімнің кепілі, сондай-ақ мемлекеттің басты міндеті – адам және оның өмірі ең қымбат құндылықтар болып табылатын, жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау болып бекітілгенін атап өтті.

«Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ баспасөз хатшысы Ясмина Найзақұл

 

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысының екі ауданында күздік дақылдарды жинау аяқталды – 51,1 мың тонна астық жиналды

Еліміздің жетекші аграрлық өңірлерінің бірі – Ақмола облысы егін жинауға кірісті. Жұмыстарға 7 мыңнан астам астық жинайтын комбайн тартылды,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика