spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Нұрлан Әбдіров сайлау учаскелерінде үгіт материалдарының болмауы тиістігін ескертті

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров сайлау учаскелерінде үгіт материалдарының болмауы тиістігін ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Ешқандай үгіт-насихат болмауы тиістігін бірнеше рет айттым. Мұқият болыңыздар. Біз тікелей де, жанама да үгіт-насихатқа қатыспаймыз. Біздің міндетіміз – алдағы рефрендумға қатысуға құқығы бар азаматтарға оның өтетіндігі туралы ақпаратты жеткізу. Оларға құқықтарын түсіндіріп, іс-шараның мәнін жеткізуге тиіспіз. Бізде, сайлау учаскелерінде еш жерде үгіт-насихат материалдары болмауы тиіс», деді Нұрлан Әбдіров Орталық сайлау комиссиясының отырысы барысында. Айта кетейік, бүгін Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумға халықаралық байқаушылар ретінде қатысу үшін Орталық референдум комиссиясы халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің 272 өкілін аккредиттеген болатын.

https://www.inform.kz/kz/nurlan-abdirov-saylau-uchaskelerinde-ugit-materialdarynyn-bolmauy-tiistigin-eskertti_a3938788

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img