spot_img
Жұма, Қараша 22, 2024
-7.4 C
Kokshetau

Көкшетауда алғаш рет простата аденомасына тіліксіз ота жасалды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы медициналық орталығы ауруханасының роботтандырылған хирургия орталығының басшысы, жоғары санатты уролог Бахтияр Қасымов Көкшетау қалалық ауруханасында урология бойынша шеберлік сыныбын өткізді.

Ол көкшетаулық дәрігерлерге Олимпус фирмасының жаңа жабдықтарымен жұмыс істеудің дұрыс әдісін көрсету үшін астанадан арнайы келген. Бақтияр Ғалыұлы лапароскопиялық урология (онкоурология) мен жыныс хирургиясын диагностикалау мен емдеудің ең заманауи әдістерін меңгерген дәрігер. Бұл отаның артықшылығы науқас үшін минималды қауіптікте жатыр, өйткені ол уретра арқылы ешқандай тіліксіз және сәйкесінше қан жоғалтпай жасалады.

– Мен Көкшетаудағы әріптестеріммен тәжірибе алмасу, сондай-ақ, жаңа жабдықты қалай дұрыс пайдалану керектігін көрсету үшін келдім. Мұндай шеберлік сыныбында сіз процедураның барлық ерекшеліктерін өз көзіңізбен көре аласыз. Соңғы технологиялардың Көкшетауға жеткені қуантады, енді қала мен өңір тұрғындары қолжетімді заманауи ем ала алады. Эндоскопиялық хирургия простата аденомаларын және басқа ерлердің патологияларын аппаратпен тіліксіз емдеуге мүмкіндік береді, – деді Бахтияр Ғалыұлы.

Лапароскопия бүгінде 1 см-ден аспайтын тілік арқылы жүзеге асырылады. Сол арқылы іш қуысына хирургиялық микроқұралдар енгізіледі, ал бейнекамерамен жабдықталған лапароскоптың арқасында хирургтың барлық әрекеттері визуалды бақыланады.

Лапароскопиялық нефропексия-бұл емдеудің ең тиімді әдісі, ол ашық хирургиямен салыстырғанда бірқатар сөзсіз артықшылықтарға ие.

Шеберлік сабағына хирургия бөлімі мен қалалық аурухананың ұжымы қатысты. Жоғары санатты дәрігер уролог Қайырлы Құлмағамбетов шеберлік сыныбы ұжымға кәсіби деңгейді арттыруға тағы бір мүмкіндік бергенін айтады. Оның сөзінше, мұндай іс-шаралар мекеме жұмысының сапасын және медицина қызметкерлерінің білімін арттырады.

– Медицина қызметкерлері үнемі оқып, жаңа білім алуы керек, өйткені медицина бір орында тұрмайды. Мен біздің аурухана ғимаратында осындай бірегей ота жүргізу мүмкіндігі пайда болғанына өте қуаныштымын. Простата аденомасын транс уретральды резекциялау процедурасы науқас үшін өте ыңғайлы болады. Өйткені, енді оны жаңа жабдықта өткізу мүмкіндігі бар. Бүгін біз үлкен тәжірибе жинадық және өзіміз үшін көптеген пайдалы ақпарат аштық, – деді Қайырлы Қайратұлы.

Айталық, емделуші ота кезінде өзін жайлы сезініп, медперсоналдың сұрақтарына жауап беріп отырды. Аурухана қызметкерлерінің айтуынша, алдағы уақытта тағы 6 науқасқа ота жасау жоспарланған, оның төртеуінде қатерлі ісік алынатын болады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img