spot_img
Дүйсенбі, Қазан 27, 2025
0.8 C
Kokshetau

Айжан Есмағамбетова референдум күніндегі қауіпсіздік іс-шараларын атады

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова референдум күнінде коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін қандай іс-шараларды сақтау қажеттігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Республикада коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Тәулігіне 10 жағдайға дейін тіркелуде. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, 3 наурыздан бастап республика және барлық өңірлер жасыл аймақта. Елдегі тұрақты эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, барлық карантиндік шектеулер алынды», – деді вице-министр Орталық сайлау комиссиясының отырысы барысында. Сонымен қатар ол референдум өткізу кезінде қандай алдын алу іс-шараларын қамтамасыз ету қажеттігіне тоқталды. «Оның ішінде: адамдардың көп жиналуына жол бермей, әлеуметтік қашықтықты сақтап, референдумға қатысушылардың тобын реттеу; бөлмелерде желдеткіш немесе ауа баптау жүйелерінің үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету; ауаны жасанды желдету жүйесі болмағанда бөлмелерді жүйелі желдету; дауыс беру алдында және күні бойы қажеттілігіне қарай бөлмелерді желдету және дезинфекция жүргізу. Көрсетілген іс-шараларды іске асыру елдегі тұрақты эпидемиологиялық жағдайды сақтауға мүмкіндік береді. Аталған алдын алу іс-шаралары Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің бүгін осы отырыста келісуге шығарылатын қаулысының жобасында жазылған», – деді Айжан Есмағамбетова. Отырыс барысында ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің арнаулы қаулысы бірауыздан қабылданды.

https://www.inform.kz/kz/ayzhan-esmagambetova-referendum-kunindegi-kauipsizdik-is-sharalaryn-atady_a3938745

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Бурабай ауданының агрономы Асель Ағзамова Президент қолынан марапат алды

Президент Республика күніне орай бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды салтанатты түрде тапсырды. Ақмолалық агроном Асель Ағзамова ІІІ...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика