spot_img
Жексенбі, Маусым 8, 2025
17.2 C
Kokshetau

«Референдумда қазақ және орыстілді халық саны есептеледі» – ақпарат фейк

Сондай-ақ...оқыңыз

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде референдумда қазақ тілінде жазылған бюллетеньді толтыруға шақыратын ақпарат тарады. Бюллетеньдерге қарап, елдің қазақтілді және орыстілді халқының пайызы есептеледі-мыс. Бұл мәлімет шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп Facebook-тегі парақшасында аталған ақпаратты жоққа шығарды. «Әлеуметтік желіде референдумға берілген жауапты екі тілде санайды екен деген ақпарат желдей есіп жүр. Бұл түбірімен дұрыс емес! Азаматтар өз құқығын білуі тиіс. Референдум туралы Заңға сәйкес парақша екі тілде толтырылады. Сондықтан жалған хабарламаға ермеуді сұраймыз! Орайы келіп тұрғанда, барлық Қазақстан азаматын 5 маусым күнгі референдумға бір кісідей қатысып, алдағы үлкен өзгерістер үшін дауыс беруге шақырамын!»,– деп жазды Нұртөре Жүсіп. ҚР Орталық сайлау комиссиясы референдум барысында бюллетеньдерді қалай толтыру керектігін түсіндірген болатын. Бюллетень екі тілде бірдей жазылған. Онда Конституцияға ұсынылған түзетулермен келісуге немесе келіспеуге қатысты жалғыз ғана сұрақ бар. Жауап екеу: «иә» немесе «жоқ». Республикалық референдумға шығарылатын мәселелер тізімі.

https://www.inform.kz/kz/referendumda-kazak-zhane-orystildi-halyk-sany-esepteledi-akparat-feyk_a3938839

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Бурабай ауданында 1-ші тоқсанда бюджет кірісі 23 млрд теңгеден асты

Бурабай ауданында 2025 жылдың алғашқы бес айындағы ауданның негізгі даму бағыттары туралы баяндалды. Аудан әкімі өнеркәсіп, агросектор, туризм және...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика