spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Азаматтар кез келген нормаға қарсы болса, Конституциялық Сотқа жүгінетін болады – Сенат төрағасы

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев ҚР Президент телерадио кешеніне берген сұхбатында 5 маусымда өтетін референдумға шығарылған Конституциялық Сот туралы нормалардың маңызына тоқталды. Сенаттың жұмысын қалай жандандыратынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Конституциялық реформаның аясында мемлекет пен қоғамның арасындағы қарым-қатынастың жаңа кезеңі ашылып жатыр деп айтсақ артық болмайды. Мысалы, нақты нормаларды айтайық. Бүгінде азаматтар мемлекеттік органдардың бұйрықтарына немесе заң нормаларына, мемлекеттің нақты бір шешімдеріне наразы болса, ол нормалар мүддемізге қайшы келеді деген пікір туындап жатса, жалпы өтініштер сияқты сотқа беру керек. Яғни, процедурасы ұзақ. Қазір осы реформалардың аясында Конституциялық Сот құрылып жатыр», – деді Сенат төрағасы. Сенат спикерінің айтуынша, жалпы ұсынылып отырған конституциялық реформа халық пен билік арасындағы қарым-қатынастың жаңа форматына жол ашпақ. «Конституциялық Соттың негізгі функциясы азаматтардың билік өкілдерінің шешімдеріне наразылығына сот ретінде бағасын беру, шешім қабылдау. Осындай басқа да көптеген нормалар бар», – деді Мәулен Әшімбаев. Айта кетейік, бүгін «Евразия» арнасында сағат 10:00-де, «Хабар» – 12:45-те, «Qazaqstan» – 16:05-те, «Qazaq TV» – 20:15-те, «Алматы»- 20:35-те референдум туралы деректі фильм көрсетіліп жатыр.

https://www.inform.kz/kz/azamattar-kez-kelgen-normaga-karsy-bolsa-konstituciyalyk-sotka-zhuginetin-bolady-senat-toragasy_a3938730

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img