spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

«Халыққа көмек» партиялық жоба аясында мұқтаж отбасыларға көмек көрсетілуде

Сондай-ақ...оқыңыз

«AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалы мен оның аумақтық филиалдарына  жағдайлары төмен, жұмыссыз тұрғындар жағдайларын айтып, азық-түлік және қаржылай көмек көрсетуді сұрап келіп жатады. Облыстық, аудандық мәслихат депутаттары өтініш берушілердің өтініштеріне немқұрайлы қарамай, «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға қолдан келген көмектерін көрсетуде.

Мәселен, өткен 4 айда партияның қоғамдық қабылдауларына облыс бойынша 2886 адам көмек сұрап жүгінген. Өтініштердің бір жарым мыңнан астамы оңтайлы шешімін тапты. Ал, 41%-ы бойынша тиісті түсіндіру жұмысы жүргізілсе, 6% қаралу үстінде.

Бір қуантарлығы, «Халыққа көмек» партиялық жобасына елді-мекендердегі белсенді партиялықтар да тартылуда. Мәселен, Астрахан ауданының азаматы «СПХ Колутон-04» серіктестігінің директоры Балапан Әубәкіров «ас атасы» саналатын нанның қымбаттауын ескеріп, өзі тұратын Старый Колутон ауылының әлеуметтік тұрғыдан осал отбасыларына 50 келіден ұн жеткізіп берді.

Партиялық жоба аясында жалғызбасты аналар мен қарттарға да қамқорлық көрсетілуде. Яғни, олардан түскен өтініштерді партияның жергілікті филиалдарының аумақтық хатшылары  бірінші кезекте шешуге тырысады. Мәселен, осы көктемде қоғамдық қабылдау бөлмесіне жазылып, көмек сұраған Астрахан ауылының тұрғыны, еңбек ардагері Б.Әбдірахманованың ауласынан еріген қар суын сору жұмыстары жүргізілді. Ал, мүмкіндігі шектеулі баланы өзі жалғыз тәрбиелеп отырған атбасарлық жас анаға қарызын жауып беруге материалдық көмек көрсетілді.

Партияның Жарқайың аумақтық филиалы Львовское ауылындағы ауыр сырқатқа шалдыққан баланың отбасына қаржы жинау үшін қайырымдылық акциясын өткізуге ат салысты. Яғни, қайырымдылық концерт ұйымдастырылды. Жалпы, акция аясында 3 млн.теңгеге жуық қаржы жиналып, қаражат науқас баланың анасына табысталды.

Шортанды аумақтық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі болса,  Бектау ауылдық округінің азаматтары атынан түскен өтініштері бойынша ауданның кәсіпкерлерінің басын қосып, мұқтаж отбасыларға азық-түлік толы себеттер таратты. Мұндай себеттер Жеңіс мерекесі қарсаңында соғыс және тыл ардагерлеріне де берілді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img