spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

 Саяси жүйені құру жолдары талқыланды

Сондай-ақ...оқыңыз

Елордада Астана IT университетінің базасында конституциялық реформаларды нақтылауға арналған «Референдум-2022: Қазақстан Республикасының саяси жүйесін қайта құру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Астана IT университетінің оқытушылары, қызметкерлері, сондай-ақ студенттері қатысты. Офлайн форматта ұйымдастырылған жиынға Сенат депутаттары Владимир Волков, Қанатбек Сафинов, Андрей Лукин қатысты. Депутаттар Конституцияға ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулардың мән-мағынасын түсіндірді.

Мәселен, жаңа Конституцияда Президент жақындарын басшылық қызметтерге тағайындауға шектеу қою ұсынылған. Яғни суперпрезиденттік басқарудан мықты Парламенті бар президенттік жүйеге көшуге нақты қадам жасалып отыр. Сондай-ақ Мәжіліс немесе мәслихат депутаты сайлауына партияға мүше болмай-ақ үміткер ретінде қатыса алады.
Сонымен қатар тарих ғылымдарының докторлары, Astana IT университеті Қоғамдық ғылымдар кафедрасының профессорлары Нұрбек Шаяхметов пен Сәуле Мамытова республикалық референдумның тарихи маңызы мен мәніне тоқталды. Университеттің студент жастары атынан Астана ІТ университетінің 1-курс студенті Батырхан Бейсембеков сөз сөйледі.
Жиын соңы сұрақ-жауап форматында өрбіді. Сенаторлар студенттерге Парламент ғимаратында тағылымдамадан өтуді ұсынды. Баяндамашыларды ұйып тыңдаған жастар сұрақтарын жаудырды. Әсіресе Қазақстанға суперпрезиденттік басқаруға көшудің маңызын, Мемлекет басшысы қандай өкілеттігінен бас тартудың мән-мағынасын сұрады.
«Студенттер өмірде өте белсенді позиция ұстанады. Өте өткір сұрақтар қояды. Оларды ыңғайсыз деп айтпас едім, сауалдары шынайы, ашық. Осы сұрақтардан аудиторияның пікірталасқа белсенді қатысқанын, жастардың жанып тұрған көзін көрдім. Олардың референдумға келіп, өз таңдауын жасайтынына сенімдімін», деді А.Лукин.
https://egemen.kz/article/313499-sayasi-dguyeni-quru-dgoldary-talqylandy

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img