spot_img
Дүйсенбі, Қазан 27, 2025
5.2 C
Kokshetau

Конституциялық реформадағы өзгерістер арқылы Жаңа Қазақстан құрылады – Бәшімов

Сондай-ақ...оқыңыз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптамалық институтының директоры Марат Бәшімов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әділетті қоғам орнату туралы ұстанымы азаматтарға түсінікті болды. Біз заңгер ретінде айтатынымыз, Конституцияның ең маңызды принципі – адам құқығын қорғау. Референдумға келіп, Конституциялық құқықтарға қатысты өзгерістерге дауыс берудің өзі жақсы болып отыр. Жаңа Қазақстан құрудағы мақсатымыз келешек ұрпаққа әділетті елді қалдыруды білдіреді, – деді Бәшімов.
Ол атағандай, конституциялық реформадағы өзгерістер арқылы Жаңа Қазақстан теңдік пен әділдіктен басталады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың жақсы өмір сүргенін қалайды. Осы конституциялық өзгерістер арқылы халықтың әл-ауқатын арттырып, қоғамдағы жағдайды оңалтқысы келеді. Бұл өзгерістер арқылы біз гүлденген, әділетті Қазақстан құра аламыз, – деді Марат Бәшімов.
Айта кетейік, брифингте «Конституциялық реформа – жүйелі жаңару жолы» тақырыбы тақыланды. Отырыста ҚСЗИ сарапшылары мен заңгерлер конституциялық реформаның халыққа әсерін түсіндірді.
https://baq.kz/konstitutsiyalyq-reformadagy-ozgerister-arqyly-zhana-qazaqstan-qurylady-bashimov_279306/

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Бурабай ауданының агрономы Асель Ағзамова Президент қолынан марапат алды

Президент Республика күніне орай бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды салтанатты түрде тапсырды. Ақмолалық агроном Асель Ағзамова ІІІ...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика