spot_img
Бейсенбі, Қыркүйек 19, 2024
11 C
Kokshetau

Көкшетауда «Жастардың бүгінгі келбеті» эссе байқауы мен «Туған жер» фото байқауы жеңімпаздары марапатталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында Ақмола облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен «Жастардың бүгінгі келбеті» облыстық эссе байқауының және «Туған жер» облыстық фото байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Шараға өңіріміздің студент жастары, жастар ұйымдарының мүшелері қатысты.

Жастардың арасында әдептілік қағидаларын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Жастардың бүгінгі келбеті» облыстық эссе байқауында Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы Оқу-әдістемелік орталықтың кәсіби мамандарынан құрылған қазылар алқасының шешімі бойынша жас эссеист Гүлнар Байсейітова бас жүлдені еншіледі. Байқауға белсенді қатысып, сөз шеберлігімен көзге түскен жас қаламгерлер Нұртай Уайс 1 орын, Динара Ғалымжанқызы 2 орын, Айзада Зеннат 3 орын жүлделерін қанжығаға байлады.

Ақмола облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі аталмыш байқаудың бас жүлдесіне 100 мың теңге, 1 орынға 80 мың теңге, 2 орынға 60 мың теңге, 3 орынға 40 мың теңгелік тауарлық сертификат тағайындады.

Сондай-ақ, өңіріміздің жас қаламгерлері бақ сынасқан сайыста Назира Ақтайлақ, Махаббат Сарқазақова, Балқадиша Қайық есімді қатысушылар ынталандыру сыйлықтарын иеленіп, 10 мың теңгелік тауарлық сертификаттарды қанағат етті.

«Туған жер» онлайн фото байқауының қорытындысы бойынша жас ақын Оралбек Нүріш 1 орын иесі атанып, 50 мың теңгелік тауарлық сертификатпен марапатталды. 2 орын иеленген қатысушы Ұлан Байтеміров 40 мың теңге, 3 орын иесі Айнұр Тайманова 30 мың теңгелік тауарлық сертификатты еншіледі.

Байқауға белсенді қатысқаны үшін Бақытбек Бекмұрат, Махаббат Сарқазақова, Аружан Түлебай есімді қатысушыларға 10 мың теңгелік тауарлық сертификат табыс етілді.

Сонымен қатар екі байқаудың барлық қатысушыларына Ақмола облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі атынан кітаптар топтамалары және брендтелген кәдесыйлар берілді.

 

Ақмола облысы «Рухани жаңғыру»

өңірлік жобалық кеңсесі

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаудың 59 отбасы тұрғын үй сертификаттарын алды

  Көкшетау қаласында 59 отбасы азаматтарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификаттарын алды. Бұл маңызды бастама қаланың мұқтаж тұрғындарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img