spot_img
Жұма, Қыркүйек 20, 2024
8.3 C
Kokshetau

БОЛАШАК -ЖАҢА БІЛІМГЕ ҰМТЫЛУДАҒЫ ЕҢ ҮЗДІКТЕР!

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстанда 29 жыл бойы «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау бағдарламасы жұмыс істеп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес жыл сайын 500 үздік ғалымға жаңа білім мен тәжірибе алу үшін әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында ғылыми тағылымдамаға гранттар беріледі.

Тағылымдамалар жетілген кадрларды қысқа мерзімді даярлаудың өте жақсы құралы болып табылады, олар ел экономикасының білікті кадрларға қажеттілігін қамтамасыз етуге және өндіріс пен технологиялар трансфертінің шетелдік тәжірибесін зерделеуге ықпал етеді.

«Болашақ» стипендиаттары шетелге шыға отырып, әлемнің жетекші елдерінде іскерлік қатынастардың білімін, тәжірибесін және мәдениетін меңгеріп қана қоймай, сол жерде біздің республикамызды лайықты танытып жүр. Халықаралық бағдарлама жаһандық бәсекеге қабілеттілікті қолдауға қажетті шет тілдерін үйренуді және техникалық дағдылар мен білім алуды көтермелеу арқылы адами капиталды дамытуға көмектеседі.

2021 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өту үшін Басым мамандықтар тізбесі инновациялар, жаңа технологиялар, медицина, индустриялық инженерия және жаратылыстану ғылымдары саласын қоса алғанда 158 мамандықты қарастырды.

Қазіргі уақытта Л.Н.Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Болашақ» бағдарламасының 120 түлегі жұмыс істейді, олар оқытушылық және ғылыми қызметпен айналысады, сондай-ақ білім берудегі менеджерлер ретінде университеттің дамуына өз үлесін қосады. 2021 жылы университеттің 25 ғалымы «Болашақ» стипендиясының грантын жеңіп алды және қазіргі уақытта олар Бельгияда, Ұлыбританияда, Ресейде, АҚШ-та және Түркияда орналасқан Гент университетінде, Лондонның Корольдік колледжінде, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде, Джордж Вашингтон университетінде, Флорида, Линкольн, Эгей университеттерінде тағылымдамадан өтуде.

Олардың арасында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Экономика және кәсіпкерлік» кафедрасының профессорлары Толқын Азатбековна Азатбек пен Жібек Берлибековна Рахметулина да бар. Экономист ғалымдар өз тағылымдамасының орны ретінде Ресей жоғарғы білімінің флагманы М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін таңдады. Ғалымдардың зерттеу тақырыбы Экономиканы цифрландырумен байланысты.

Университетіміздің ректорымен қойылған қазақстандық білім мен ғылымның әлеуетін нығайтуға, табысты шетелдік білім беру орталықтарымен ынтымақтастықты дамытуға, әлемдегі қазақстандық жоғары мектеп брендін арттыруға және академиялық байланыстарды кеңейтуге бағытталған міндеттерге сүйене отырып, профессор Т.А. Азатбек пен Ж.Б. Рахметулина Ресей астанасының ғылыми өміріне белсенді түрде қосылды. Бұл халықаралық конференцияларға, дөңгелек үстелдерге, пікірталастарға, инновациялық форумдарға қатысу, Ph(d) докторларын даярлаудағы ынтымақтастық тұрғысынан университеттің жетекші профессорларымен кездесу.

Профессорлардың ғылыми білімдері мен жүргізген зерттеулерінің нәтижелері Қазақстан мен Ресейдің жетекші ғылыми басылымдарында жарияланған монографиялармен, электрондық оқулықтармен және ғылыми мақалалармен толықтырылды, оған қоса, зияткерлік қызмет нәтижелеріне қатысты ҚР Әділет министрлігінің авторлық куәліктері алынды.

Ғылыми тағылымдама аяқталған соң, профессор Т.А. Азатбек пен Ж.Б. Рахметулина өзінің алған тәжірибесі мен білімін өздерінің университетінде үлестіретін болады.

 

«Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, филология ғылымдарының кандидаты, ЕҰУ ғылым және коммерцияландыру департаментінің директоры М.А. Бөрібаева

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаудың 59 отбасы тұрғын үй сертификаттарын алды

  Көкшетау қаласында 59 отбасы азаматтарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификаттарын алды. Бұл маңызды бастама қаланың мұқтаж тұрғындарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img