spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.7 C
Kokshetau

Конституциялық реформа. Қай бап қалай өзгереді. 58-бап

Сондай-ақ...оқыңыз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ата заңымыздағы Парламент палаталарының міндеттерін анықтайтын баптардың тағы бірі – 58-бап.

5 тармақтан, 10 тармақшадан тұратын бап 2007 жылы өзгертілген болатын.

Еліміздегі қос палаталы Парламент төрағаларының міндеттері мен қызметтерін, құқығы мен өзге де құқықтық актлерін қамтыған бапта Төрағаларды кім тағайындап, кім ұсынатыны, оларға кімдер дауыс бере алатыны ашып жазылған.

Ал Ата заңымыздың осы жолғы референдумға ұсынылған жаңа жобасында 58-баптың 3-тармағының 7-тармақшасы жаңа редакциямен жазылды.

Нақтырақ айтар болсақ, Палаталардың төрағалары өзі басқаратын палатаға бұған дейін Конституциялық Кеңестің, Орталық сайлау комиссиясының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесін тағайындау үшін кандидатуралар ұсынып келген болатын.

Енді жаңа редакцияда есеп комитеті емес, Жоғары аудиторлық палатаның мүшелерін қызметке тағайындайтын болады. Яғни қазіргі қолданыстағы Конституцияда Палата төрағасы палаталарға есеп комитетінің мүшесін тағайындауды ұсынып келсе, енді оның орнына Жоғары аудиторлық палата мүшесін ұсынады деген сөз.

Айта кетейік, Конституциялық реформаға ұсынылған Ата заңымыздың жаңа нұсқасы жақында жарияланды. Ал ескі нұсқасы Ақорданың ресми сайтында жарияланған қазіргі кездегі қолданыстағы Конституциядан алынды.

58-бап

Жаңа нұсқада: 58-баптың 3-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7) Палаталарға Конституциялық Соттың судьялары, Орталық сайлау комиссиясының, Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері қызметіне тағайындау үшін кандидатуралар ұсынады;».

Ескі нұсқада: 58-баптың 3-тармағының 7-тармақшасы

7) палаталарға Конституциялық Кеңестің, Орталық сайлау комиссиясының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі қызметіне тағайындау үшін кандидатуралар ұсынады;

Естеріңізге сала кетейік, Конституциялық реформада өзгертілген баптар: 4-бап6-бап, 15-бап, 23-бап, 24-бап, 42-бап, 43-бап, 44-бап, 46-бап47-бап, 50-бап51-бап52-бап53-бап54-бап55-бап56-бап57-бап.

Барлық құқықтар қорғалған. baq.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз: https://baq.kz/konstitutsiyalyq-reforma-qay-bap-qalay-ozgeredi-58-bap_279051/

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img