spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Щучинск-Степняк тас жолын жөндеу үшін 1 млрд.тенге бөлінді

Сондай-ақ...оқыңыз

Бұл туралы тілшілерге брифингте Біржан сал ауданының әкімі Бостанбек Есжанов хабарлады.

Әкімнің айтуынша, бірқатар аудандық жолдарда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Щучинск-Уәлихан тас жолына жөндеу жұмыстары жүзеге асып жатыр. Қазіргі таңда Степняк-Щучинск жол учаскесіне жөндеу жұмыстары атқарылуда . Жұмыстарды жүргізу үшін 1 миллиард теңге қарастырлыған.

Степняк-Кеңащы және Кеңащы-Еңбекшілдер жол жөндеу жобалары қаржыландырылуға ұсынылды. Іске асыруға облыстық бюджеттен 100 миллион теңге бөлінді. Сонымен қатар Үлгі-Аңғал батыр, Үлгі-Қызылұйым және Нұр-Сұлтан – Көкшетау автобанынан Баймырза ауылына дейін 9 шақырым жолға жөндеу жүргізу үшін жобалық құжаттарды әзірлеу жоспарлану үстінде.
Облыстық бюджеттен жұмыстарды бастау үшін 10 милион теңге бөлінген.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында халықпен кездесулер барысында көтерген мәселелердің бірі әлеуметтік бағыттағы маршруттарды ашу еді. Жалпы өткен жылдың тамыз айынан бүгінгі күнге дейін бес әлеуметтік маршруттар іске қосылды.
Бүгінгі күні бастапқы бағадан төлемақының құны жиырма пайызға төмендегенін аудан әкімі мәлімдеді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img