spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-6.3 C
Kokshetau

Диалог алаңында – көшбасшы жастар

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Бурабай ауданындағы Щучинск қаласының педагогикалық колледжінде референдумның мән-маңызын түсіндіруге арналған диалог алаңы ұйымдастырылды.

Дені жастар қатысқан іс-шараға облыстық және өңірлік жастар ресурстық орта­лықтарының қызмет­кер­лері, студенттер, жас­тар ұйымдарының басшылары мен көшбасшылары белсенді қатысты. Сондай-ақ пікірталас алаңына келген Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаев, Amanat партиясы қоғамдық саясат институты директорының орынбасары Динара Сәдуақасова, «Ұлан-ғайыр дала елі» қо­ғам­дық бірлестігінің же­текшісі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Валихан Бахретдинов, «Жас­тар қызметкерлері қауым­дастығы» ҚБ төрағасы Нұрлыбай Наурызбаев және «Есірткісіз болашақ» КҚ атқарушы директоры Жан­дос Ақтаев жастарға Кон­с­ти­туцияға енгізі­летін өзге­рістер мен то­лық­­тыру­лар­дың ма­ңыз­дылы­ғын түсін­діріп, ал­да­ғы рефе­рен­дум­ға белсенді атсалысуға шақыр­ды.

Іс-шараның модераторы, «Қазақстан жастар конгресі» қауымдастығы нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры, Жас­тар ісі жөніндегі кеңестің мүшесі Тоқтар Болысов референдумның Жолдауда жарияланған реформаларды халықтың таңдауымен жүзеге асыруға жол ашатынын атап өтті. «Мемлекет басшысы әрқашанда азаматтарды шешім қабылдауға белсенді қатысуға шақырып келеді. Конституциялық өзгерістер бойынша енді аралас сайлау жүйесі арқылы партияға мүше емес азаматтар да Пар­ламентке сайлана алады. Егер референдумда дауыс берушілер осы өзгерістерді қолдаса, онда біз Президент айтқан Жаңа, Әділетті Қазақ­стан құруға мүмкіндік аламыз. Бұл – еліміздің дамуы үшін маңызды қадам», деді ол.

«Референдумға қатысып, ашық пікір білдіру, қоғамға үн мен үлесін қосу еліміздің болашағына, жаңа өміріне қадам жасайтын маңызды күн екенін естен шығармаған жөн. Барлығымыз бірлігі жарасқан ел болып жұмылсақ қана өзі­міз қалағандай берекелі әрі бейбіт Жаңа Қазақстанды құра аламыз. Бұл саяси науқан – ел өміріндегі тарихи сәт. Осы сәтті пайдалана отырып, мемлекетіміздің болашағы үшін мүддесін арттыру баршамыздың абыройлы міндетіміз екенін айтқым келеді», деді басқосуда сөз алған Нұрлыбай Наурызбаев. Ал еліміздің үлкен өзгерістер алдында тұрғанын еске сал­ған Жандос Ақтаев мемле­кет­тің дамуы тікелей осы ре­ферендумға байланысты еке­нін айтты.

Жиынға қатысқан жас­тар мен сарапшылар алдағы референдумға, Конс­титу­ция­ға енгізілетін түзету­­лер­ге оң көзқараспен қа­рай­­­тын­дықтарын айтып, елі­міз­дің өркендеуінің іргета­сы қала­на­тынына сенім біл­дірді. Кез­­десу соңында қаты­су­шы­лар қонақтарға өздерін қы­зықтырған сұрақ­тарын қо­йып, қосымша ақпараттарға қанықты.

 

Ақмола облысы

https://egemen.kz/article/313067-dialog-alanhynda-%E2%80%93-koshbasshy-dgastar

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img