spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Конституцияға енгізілетін өзгерістер бизнеске әсер ете ме?

Сондай-ақ...оқыңыз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерге 5 маусымда өтетін референдумда Конституцияға енгізілетін өзгерістер туралы түсіндірді.

Жиынға конституциялық реформалар туралы айтатын арнайы спикерлер шақырылды. Онлайн форматта жиынға өңірлерлегі палата филиалдарының өкілдері қатысты.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Ербол Өстеміров Конституцияның үштен біріне өзгеріс енгізу көзделіп отырғанын айтты.

Елдегі экономикалық және саяси өзгерістер аясында бизнестің қалай дамитыны өте маңызды,- деді Өстеміров.

Кәсіпкерлерді Конституцияға енгізілетін өзгерістер бизнес саласына қалай әсер ететіні алаңдатады. Осыған орай, олар спикерлерге бірқатар сұрақ қойды.

Елорданың қоғамдық кеңесінің мүшесі Бауыржан Смайылов саясат пен экономика бірге жүретінін айтты.

Кәсіпкерлер елдегі реформаларға қатысуда белсенділік танытуы керек. Президентті қолдап, референдумға қатысуда да ерекшеленуі керек деп ойлаймын,- деді Смайылов.

Барлық құқықтар қорғалған. baq.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз: https://baq.kz/konstitutsiyaga-engiziletin-ozgerister-bizneske-aser-ete-me_278975/

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img