spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.7 C
Kokshetau

Жол саласындағы кадр тапшылығы қалай шешіледі?

Сондай-ақ...оқыңыз

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгiнiң мәлiметiнше, жол құрылысы саласында мамандар тапшы. Бұл – үлкен техникалық күшiмiздің барына қарамастан көп нәрсеге тосқауыл болып тұрған мәселе. Құрылыс инженерлерімен қатар, аса маңызды сала мамандарының қажеттілігі туындап отыр. Мысалы: машинистер, механиктер, бетоншылар, автогрейдеристер, асфальтбетоншылар және зертханашылар. Сарапшылардың пікіріне жүгінсек, кадр тапшылығы жол-құрылыс маусымы қызып тұрған  тұста 10мың маманға дейін жететін көрінеді. Бұл елдің инфрақұрылымдық дамуына, орындалатын жұмыстар мен жобаларды іске асырудағы сапа мен мерзімге әсер етпей қоймайды. Жақында білікті техникалық кадрларды даярлау қажеттігін Мемлекет Басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың өзі де атап өтті.


«Бәріміз білімге деген көзқарасымызды өзгертуіміз керек. Гуманитарлық мамандықтарға құмарлықтың заманы өтті. Техникалық мамандықтарға басымдық беру керек. Өнеркәсіптік инженерлердің жаңа буынын өсіру қажет»,- деді Президент.
Бүгінде ҚР ИИДМ жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығы «2000» мектеп акциясын жүзеге асыруда. Бұл бастама еліміздің жол-құрылыс саласындағы кадр тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған. Акцияның басты міндеті – болашақ талапкерлерге жол саласының негізгі бағыттарымен тұстарын түсіндіру, аталмыш саладағы жұмыстың артықшылықтары мен мүмкіндіктерін сипаттап, мамандықтар мен оқу орындары туралы хабар беру. Сондай-ақ, оқушыларды қызықтырған сауалдарға жауап беру.
Осылайша біз оқушыларға жол-құрылыс саласы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, автожолшы болуға шақыруамыз. Орта арнаулы немесе жоғары білімді қайдан алу, жалақы мен мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы ақпарат беріледі. Ауыл мектептері де басты назарда. Мақсат – оқушылардың осы салаға  деген қызығушылығын ояту. Бар ақпаратты ой елегінен өткізуге мүмкіндік беріп, қажетті деректерді ұсынамыз. Тәжірибелі мамандармен сұхбаттасу мүмкіндігі де қарастырылған. Бұл оқушыларға саналы түрде жолшы мамандығын таңдауға, өз бағытын анықтауға, колледж немесе ЖОО таңдауға жол ашады.

Жыл басынан бері жолшылар Көкшетау қаласы, Астрахан, Аршалы, Жарқайың, Есіл, Сандықтау, Шортанды аудандарының мектеп оқушыларымен онлайн және оффлайн форматта кездесті. «Өмірлік қиын жағдайда балаларды қолдау облыстық орталығы» КММ-нің ашық есік күні де жоғарғы деңгейде өтті. Жыл соңына дейін облыстағы барлық аудандардың жалпы білім беретін мектептерін «2000 мектеп» акциясымен қамту жоспарлануда», – деп хабарлады Ұлттық сапа Орталығы Ақмола облыстық филиалының жол-құрылыс материалдары жөніндегі инженер Ерболат Шаймұрат.
Елімізде құрылыс көлемі жыл сайын артып келеді. Кадр тапшылығын шешу мақсатында жоғары оқу орындары және колледж студенттерін ақылы тәжірибелік практикаға тарту жұмыстары қарқынды жүзеге асырылуда. Мәселен, әр филиалда жыл сайын 5 студентке дейін ақылы практика өтеді. Жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығы 2019 жылдан бері студенттерді ақылы тәжірибеден өткізуде. Бүгінгі күнге дейін орталықтан 92 студент тәжірибеден өтіп, солардың 9-ы қазіргі таңда тұрақты негізде жұмысқа орналасты.
Өңірдің жоғары оқу орындарында жол құрылысы мамандарының тапшылығы өзекті мәселе болып қала бермек. Бұл салаға маман даярлайтын университеттер Өскеменде, Алматыда және еліміздің елордасы Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан.

Президент бастамасының тағы бір артықшылығы Қазақстанда әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу. Жол инженерлерінің пікірінше, бұл автожол саласына көптеген тың жаңалықтар әкеліп, технологиялардың жетілуіне және  саладаға жаңа серпілістердің келуіне жол ашады. Алайда, жол саласындағы кадр тапшылығын шешу инфрақұрылымдық дамудағы маңызды бағыт болып қала бермек.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img