spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

БАЛАЛАР ЖЫЛЫ АЯСЫНДА АҚМОЛА ӨҢІРІНІҢ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНА ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТТЕН 13,7 МЛРД. ТЕҢГЕ БӨЛІНГЕН

Сондай-ақ...оқыңыз

📎Балалар жылы аясында атқарылып жатқан шаралар «AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалы жанындағы білім беру, денсаулық сақтау, отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңестердің бірлескен отырысында талқыланды.

Облыстық білім басқармасы жетекшісінің орынбасары Ботагөз Дүйсенованың айтуынша, биыл Балалар жылы аясында өңірдің білім беру саласына облыстық бюджеттен 13,7 млрд. теңге бөлінген. Бұл қаражат білім беру нысандарының құрылысына, күрделі және ағымдағы жөндеуге, қосымша білім беруге мемлекеттік тапсырыс үшін, әлеуметтік бейімдеу қызметтерін ұйымдастыруға, т.б. шараларға бөлінген.

Нәтижесінде биыл өңірде 14 білім беру нысанын пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл 6 балабақша, 4 мектеп және мектепке жапсарлас нысан, оқу-тәрбие кешені және 2 жатақхана. Сонымен қатар құрылысы биыл басталатын 8 білім беру нысанын 2023 жылы пайдалануға берілмек.

Қоғамдық кеңес отырысында балалардың жазғы демалысы мәселесі қызу талқыланды. Қазіргі уақытта қала сыртындағы 15 орталық, оның ішінде 10 мемлекеттік және 5 жеке меншік орталықты жазғы демалысқа дайындау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар ағымдағы жаздан бастап жас қазақстандықтар үшін Зеренді ауданындағы «Сұңқар» сауықтыру кешені жыл он екі бойы жұмыс істеуді бастайды. Сөйтіп қала сыртындағы лагерьлерінде демалыспен 11 мың баланы қамту көзделуде. Олардың екі мыңға жуығы тегін жолдамамен қамтылады.

Десе де, 10 жыл бойы апатты жағдайда тұрған демалыс лагерьлері де баршылық. Кеңес отырысына қатысқан облыстық мәслихат депутаты Гүлден Мұхамбетжанова Жақсы ауданында апатты жағдайдағы лагерь мәелесін көтерді. Ондай демалыс орталығы Ерейментау ауданында да бар. Десе де, көбі Бурабай курортты аймағында орналасқан. Яғни, Ақмола облысындағы демалыс лагерьлерінің саны жыл санап азайып келеді. Сондықтан, оларды біртіндеп жөндеп, қалпына келтіру мәселесі әлі де күн тәртібінде тұр.

#AMANATпартиясы

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img