spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Референдумда әр азаматтың дауысы маңызды – Президент

Сондай-ақ...оқыңыз

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесуінде 5 маусым күні өтетін республикалық реферндумның маңызына тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «5 маусымда республикалық референдум өтеді. Ата заңымызға өзгерістер енгізіледі. Халқымыз осындай бетбұрысты кезеңде ел болашағын айқындауға тікелей атсалысатын болады. Жауапты сәтте әр азаматымыздың дауысы айрықша рөл атқарады», – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Президент бизнес өкілдерімен 4 ай бұрын болған кездесуге тоқталды. «Өткен жолғы басқосуда өзара пікір алмасып, жаңа ұстанымдарды айқындадық. Бірлесе жұмыс істеудің жолдарын нақтыладық. Мен бірқатар тапсырма бердім. Төрт ай деген аса көп уақыт емес. Бірақ, осы аралықта ел ішінде және әлемде талай нәрсе өзгерді. Жаңа Қазақстанды құруға кірістік»», деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Айта кетейік, Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесіп жатыр.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/referendumda-ar-azamattyn-dauysy-manyzdy-prezident_a3934940

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img