spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Республикалық референдумды қолдау штабы Ақмола облысының жұртшылығымен кездесті

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында референдум өткізу бастамасының негізгі ережелерін түсіндіруге бағытталған халықпен кездесулер жалғасуда, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Жақында облыс орталығында референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штаб өкілдері еліміздің Негізгі заңына енгізілетін түзетулер мен толықтырулардың негізгі тұстарын түсіндірді.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Ернар Баспаевтың төрағалығымен өтті.

«Мемлекет басшысының нақты айтуына қарағанда, Қазақстан тарихындағы жаңа тарауды Конституцияға түзетулер ашады. Қоғам мен елдің өміріне жан – жақты әсер ететін елдің саяси жүйесін қайта іске қосудың өршіл мақсаттары қойылған», – деп атап өтті спикер.

Естеріңізге сала кетейік, Республикалық штабқа өңірдің қоғам қайраткерлері – Өңірлік Азаматтық Альянстың төрағасы Ирина Терентьева, облыстық әкелер кеңесінің төрағасы Ерлан Закирьянов, Ақмола облысы Кәсіподақ орталығының төрағасы Қали Рахметов кірді.

Облыстық әкелер кеңесінің төрағасы Ерлан Закирьяновтың айтуынша, Ақмола облысының Азаматтық қоғам өкілдері референдумды қоғамдық қолдаудың өңірлік штабын құруға бастамашы болған. Бүгін штаб мүшелері еңбек ұжымдарымен конституциялық түзетулерді түсіндіру бойынша кездесулер өткізеді.

«Біз көп жылдар бойы халықтың санасын өзгерту және елдегі барлық процестерді демократияландыру туралы айтып келеміз, Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі референдум бұған кең ауқымды халықтық акция ретінде ықпал етеді. Бұл үлкен қадам-біздің ортақ құндылықтарымызды қалыптастыру және оларды біздің әлеуметтік жетілуіміз бен азаматтық кемелденуімізге тексеру тетіктерінің бірі», – деп атап өтті Республикалық штаб мүшесі, Ақмола облысының Азаматтық Альянсының төрағасы Ирина Терентьева.

Кездесуге қатысушылар ұсынылып отырған жаңа енгізілімдерге талдау жасады, конституциялық реформаның маңыздылығын, оның ішінде азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуын кеңейту, құқық қорғау саласын нығайту мәселелерін талқылады.

Айта кетейік, жалпыхалықтық референдум ел тарихында алғаш рет 1995 жылы өтті.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img