spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Қорғалжын ауданында ауылшаруашылық қарқынды дамуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Бұл туралы аудан әкімі Ақмола облысының өңірдік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған БАҚ өкілдерімен кездесу барысында хабарлады.

Жанбаев Берік Амантайұлының хабарлауынша, 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында ауылшаруашылық саласының  жалпы өнімі  – 574 млн тенгені құрады, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 127% құрады (2021 жылы – 452 млн тенге болды).
Барлық шаруашылық санаттары бойынша тірі салмақпен 210,1 тонна ет өндірілген немесе  былтырғы жылмен салыстырғанда 103,8% құрады.

Сонымен қатар 918,3 тонна сүт өндірілді, өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 101,7% құрады. Ал, тауық  жұмыртқалары 118,8 мың  дана  немесе  2021 жылға 102,6% құрады.
2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында аудан шаруашылықтарының барлық түрлері бойынша:
– 21 493 ірі қара мал, былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда – 102,3% құрады, сонымен қатар 9 841 бас сиыр, немесе былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 105,9% құрады.
– 37 865 бас  қой және ешкі, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 110,5% құрады;
– жылқы 15 066 бас, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 106,4% құрады;
– шошқа 30 бас, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 93,8% құрады.
– құс 19 978 бас, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 104,9 % құрады.

Аудан бойынша ауыл шаруашылық саласында 40 серіктестік, 101 шаруа қожалық айналысады. Биылғы жылы Қорғалжын ауданы  жұмыс жоспары бойынша 146 мың 585 гектар жерге  жаздық дақылдар егілу жоспарланды. Өткен жылмен салыстырғанда 2000 гектарға ұлғайтылды.  Жоспар бойынша 77 мың 900 гектар ылғалдың жабылуы белгіленген, 100 пайыз орындалды. Егіс алдындағы өндеу жоспары 91 мың 300 гектар, бүгінгі күні 74 пайыз өнделді. Өткен жылы 32 862 гектар жерге парлы алқаптар өнделді.
Биылғы жылы көктем дала жұмыстарын жүргізуге аудан үшін 2,1 мың тонна көлемінде жанар-жағар май қажет болды, 100 пайыз бөлінді. Үстіміздегі жылдың қантар-сәуір айларында жалпы сомасы 231 млн 300 мың теңгеге 4  бірлік трактор сатып алынды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img