spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Өзге этностардың Қазақстан дамуындағы үлесін мемлекеттік тілде насихаттау керек – Тоқаев

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел дамуына өзге этностардың қосып жатқан үлесін мемлекеттік тілде насихаттайтын ақпарат құралдарын барынша қолдауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мәдениетіміз әралуан екенін көрсететін ерекше ақпаратты әзірлеу қажет. Соның ішінде, қазақ тілді аудиториямен жұмыс жүргізген жөн. Қазақ тілді аудиторияның ауқымы кеңейіп жатыр. Бұл – жағымды, оң үрдіс. Қазақстанды дамытуға өзге этностардың қосып жатқан үлесін мемлекеттік тілде насихаттау маңызды. Біз осы бағытта жұмыс істейтін ақпарат құралдарын барынша қолдауымыз керек», – деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында.

Сондай-ақ, Президент ассамбеляның қоғам дамуындағы оң үдерістердің бастауында жүргенін атады. «Ассамблея мемлекет пен азаматтық қоғам арасында табысты серіктестік орнатудың жақсы үрдісін қалыптастырды. Этномәдени бірлестіктер осының айқын көрінісі», – деді Қасым-Жомарт Тқаев. Айта кетейік, Ассамблеяның бұл жолғы жиыны «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» күн тәртібімен өтеді.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img