spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Жарқайыңда жұмысшы бастығын балталап тастаған

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында ЖШС атқарушы директорының өліміне қатысты іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ауыр қылмыс сәуірдің 24-де Жарқайың ауданында болған.

Бұл туралы сағат 20:10 шамасында аудандық полиция бөліміне телефон арқылы хабарланды. Онда Бірсауат ауылына жақын маңдағы ЖШС аумағында азаптап өлтірілген ер адамның денесі табылғаны айтылған. Кейіннен оның сол ЖШС-нің 1969 жылы туған атқарушы директоры екені белгілі болды.

«Оқиға орнына дереу учаскелік полиция инспекторы, сондай-ақ, жедел-тергеу тобы мен полиция бөлімінің басшылығы барды. Қылмыс орнын зерттеу кезінде оның жүк салмағын өлшейтін бөлмеде жасалғаны белгілі болды. Сол жерден қылмыс құралы – балта табылды. ЖШС аумағында тәртіп сақшылары қылмысқа күдікті 33 жастағы жұмысшыны ұстады. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Күдікті уақытша изоляторға қамалды», – деді ведомстводан.

Полиция департаменті баспасөз қызметінен атап өткендей, алғашқы тергеу іс-шаралары мен ЖШС қызметкерлеріне жүргізілген сауалнамаға сәйкес 21 сәуір күні ЖШС атқарушы директоры Қостанай қаласы тұрғынын дәнекерлеуші ретінде жұмысқа алған.

Алайда, екі күннен кейін жаңа жұмысшы денсаулығының нашарлауына шағымданады. Сол себепті жұмыс беруші оны Арқалық қаласындағы емдеу мекемесіне апарады. Қылмыс болған күні ер адам далалық звеноға барып, жәбірленушіге еңбек және өмір сүру жағдайы туралы наразылығын білдіреді. Осы кезде екеуара жанжал болып, жұмысшы бастығын балта және бұрағышпен соққының астына алады.

«Қазіргі уақытта тергеу аясында бірқатар сараптамалар тағайындалды, кісі өлтіру қаруы заттай дәлел ретінде алынды», – деп толықтырды ведомстводан.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img