spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында елорда маңындағы аймақтарда су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізілуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Елорда маңындағы өңірлерінде еріген қар суын сору жұмыстары күшейтілген режимде жалғасуда, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Астанаға тікелей жақын орналасқан Целиноград ауданының ауылдары су басу қаупі жоғары аймақта орналасқан.

Жергілікті билік пен төтенше жағдайлар департаментінің қолда бар күштері мен құралдары апатпен күресуге бағытталған.

Целиноград ауданында қардың белсенді еруінен бастап 200 мың текше метр су сорылды.

Целиноград ауданының әкімі Бақытбек Оспанбековтың айтуынша, жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде.

«Тасқын суларды апатсыз өткізу бойынша аудандық жедел Штаб құрылды, ол қардың еруі мен өзендердің ағуына үнемі бақылау жүргізеді және тәулік бойы кезекшілік етеді, қосымша бақылау бекеттері орнатылды, аудандағы барлық техника жұмылдырылды. Апат салдарын жоюға аудан әкімдігі мен ТЖ бөлімшелері белсенді қатысуда», – деді спикер.

Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қанат Доспаевтың айтуынша, қазір су тасқынының белсенді кезеңі жүріп жатыр.

«Департаменттің қосымша қызметтері 2 сәуірде ауданға келді. Сол күні тасқын суларды апатсыз өткізуді қамтамасыз ету бойынша жұмыстар қабылданды. Осы сәтте жылы ауа-райының орнауына және температуралық фонның көтерілуіне байланысты егістіктерде еріген қар суының қалыптасуы орын алды және егістіктерден еріген судың 3-4 күндері ауыл арқылы өте бастады. Қоянды кенті бойынша ТЖМ жеке құрамынан 51 адам 10 бірлік техника және 8 мотопомпа жұмылдырылды. Сондай-ақ, министрдің шешімі бойынша 52859 жж азаматтық қорғаныс полкі тартылды. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, халықтан келіп түсетін барлық өтінімдерді пысықтаймыз», – деп атап өтті Қанат Доспаев.

Целиноград ауданының Талапкер, Қараөткел, Қоянды, Арайлы, Қаражар, Қызылжар, Ақмол, Қабанбай батыр, Қызылсуат және Жарлыкөл кенттерінде және басқа да елді мекендерінде еріген қар суын сору жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, құтқарушылардың ақпараты бойынша тұрғын үйлерді су басуға әлі жол берілген жоқ.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img