«AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының бастамасымен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының алаңында қоғамдық тамақтандыру саласында қызмет ететін кәсіпкерлер үшін қосымша құн салығы есептілігіне қоюда салықтағы өзгерістерді түсіндіру мақсатында «дөңгелек үстел» өтті.
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері Ахметжан Хасенов пен Жасұлан Тілеулин аталмыш саладағы кәсіпкерлерге қатысты салықтағы өзгерістерді, жеңілдетілген, ықшамдалған есептілік түрлерімен таныстырды. Отырыста салықты аз төлейтін жағдайға алып келетін, бір-бірімен тығыз байланысты үш құрамдасты интеграцияланған жүйе (ТИС) жөнінде көптеген ақпарат берілді. Бұл жүйеде онлайн бақылау кассалық аппараты, пост терминал және тауарларды автоматты түрде есепке алу қарастырылған. Әсіресе, арнайы салық режимінде жұмыс жасайтын сауда-саттықпен айналыстын кәсіп иелеріне өте тиімді екен. «Е-Salyq Business», «Е-Salyq-Azamat» мобильді қосымшалары, Интернет компаниялардың есепке тұрып, ҚҚС төлеуге ықпал ететін Google салығы жөнінде ақпарат берілді.