spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.4 C
Kokshetau

«AMANAT» партиясы қайырымдылық акциясын ұйымдастырды

Сондай-ақ...оқыңыз

Мейірімділік, қамқорлық, қайырымдылық… Осынау игі қасиеттерді бүгінгі жас ұрпақтың санасына сіңіру, көпке үлгі ету мақсатында «AMANAT» партиясы көктемнің шуақты мерекесі Наурыз мейрамы қарсаңында қайырымдылық акциясын ұйымдастырды, хабарлайды Aqmola News.

«Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары аясында өткен акция аясында партияның облыстық және аудандық филиалдарының атқарушы хатшылары мен халық қалаулылары «Jas Otan» жастар қанатының белсенділерімен бірлесіп, өңірдегі 40-тан аса отбасын Наурыз мейрамымен құттықтап, оларға 400 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетті.

Дәстүрге айналған игі шара аясында халық қалаулылары аға буын өкілдерімен қатар көпбалалы және мұқтаж отбасыларының үйінде болды. Айта кетейік, осы жолғы кездесулердің жөні бөлек. Себебі, «Халық үніне құлақ асатын Үкімет» тұжырымдамасы аясында депутаттар отбасылардың түйткілді мәселелерімен танысып, оларды партияның Қоғамдық қабылдаулары арқылы шешуді көздеді. Сонымен қатар Президент Жолдауының негізгі бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мәселен, «AMANAT» партиясының Көкшетау қалалық филиалының атқарушы хатшысы Зәуреш Нұрымова қалалық мәслихат депутаты Станислав Максимецпен көпбалалы және аз қамтылған отбасыларын мерекемен құттықтап, материалдық көмек көрсетті.Қайырымдылық акциясы аясында халық қалаулылары көпбалалы ана Самал Сұлтанованың үйінде болып, балаларға тәттілер және отбасына қажет азық-түлік салынған себетті сыйға тартты. Айта кетейік, бұған дейін балалардың анасы партияның Қоғамдық қабылдау бөлмесінде болып, мектепте оқитын ұлын тегін тамақтандыру бойынша көмек сұраған болатын. Кездесу аясында депутаттар бұл мәселенің оң шешілгенін айтып, көпбалалы ананы тағы бір қуантты.


Депутаттар сондай-ақ 4 бірдей баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған Әсел Құсайынованың отбасын Наурыз мерекесімен құттықтап барды. Жалғызбасты ана да бұған дейін партияның Қоғамдық қабылдауында болып, заңгердің көмегін қажет ететінін алға тартқан болатын. Депутаттар бұл мәселенің де оңтайлы шешілгенін, көпбалалы анаға заңгер кеңесі тегін берілетінін жеткізіп, қуантты. Қайырымдылық акциясы аясында халық қалаулылары отбасына азық-түлік салынған себетті сыйға тартып, Наурыз меркесімен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.

Айта кетейік, осындай қайырымдылық шараны өткізуді «AMANAT» партиясы жыл сайынғы дәстүрге айналдырып отыр. Биылғы ерекшелік отбасыларын мерекемен құттықтап қана қоймай, олардың түйткілді мәседелерін шешіп беру көзделді. Сөйтіп, партиялықтар өзінің діттеген мақсатына қол жеткізді. Бұл халықтың партияға деген сенімін арттыратыны сөзсіз. Кездесулер аясында отбасылардың көтерген басқа да мәселелері париияның Қоғамдық қабылдаулары арқылы зерттеп-зерделенеді, оның оңтайлы шешілуі партиялық бақылауға алынады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img