spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

«Nur Otan» жаңа тапсырмаларды орындауға дайындалуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Барлықтарыңызға белгілі, наурыздың 1-і күні «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXII съезі өтеді. Саяси маңызы зор іс шарадан бәріміздің де күтетініміз мол. Себебі, съезде партия жұмысын одан әрі жаңғырту жөніндегі басымдықтар талқыланады. Бүгін партияның облыстық филиалы Саяси кеңесінің отырысы өтіп, күн тәртібінде 1 наурызда өтетін «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІІ съезіне Ақмола облысынан делегаттар сайлау мәселесі қаралды. Нәтижесінде біздің өңірден саяси маңызы зор жиынға онлайн түрде 28 делегат қатысатын болды. Күн тәртібінде қаралған екінші мәселе бойынша партияның жұмысын жаңғырту аясында атқарылған жұмыстар тілге тиек етілді.

 «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым БЕКМАҒАМБЕТОВ

Онлайн форматта өткен мәжілісті «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Ермек Маржықпаев ашып, жүргізді. Ол өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Nur Otan» партиясының ХХІ съезінде айтқан тапсырмаларының орындалуына тоқталды.

Жалпы, партия төрағасының қоғамдық кеңестердің жеке құрамын қоса алғанда, ағымдағы жоспарларын түбегейлі жаңарту, басқа партиялармен және қоғамдық бірлестіктермен ынтымақтастықты жолға қою жөніндегі тапсырмасын біз орындадық. Соның нәтижесінде 168 қоғамдық кеңестің құрамы жаңартылды.

Сонымен қатар Мәжілістегі партиялық фракцияны қайта жүктеуді жүзеге асыру қажеттігі туралы тапсырмасы бойынша барлық деңгейдегі фракциялардың жұмысы басталды. Бүгінде бір топ Мәжіліс депутаттары онкүндік жұмыс бағдарламасымен Ақмола облысы аумағындағы елді-мекендерге жергілікті тұрғындармен кездесулер өткізуде. Олар облыстық маңызы бар Көкшетау, Степногорск және Қосшы қалалары мен аудан орталықтарына ғана емес, 15 ауданның шалғай елді мекендеріне де барады. Өңірдің өзекті мәселелерін егжей-тегжейлі қарастыру үшін кәсіпорындардың, денсаулық сақтау, білім беру мекемелерінің еңбек ұжымдарымен санитарлық талаптарды сақтай отырып кездесулер жоспарланған.

Депутаттық фракциялардың жұмысын жаңғырту аясында өңірлік және аумақтық депутаттық фракциялардың жұмыс нысандары мен әдістеріне өзгерістер енгізілді. Бұл көшпелі отырыстар, халық алдында атқарылған жұмыстар туралы мерзімді есептер, Жол карталарының іс-шараларын басым бюджеттік қаржыландыруға бастамашылық ету.

Өз сөзінде партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлердегі өзекті әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуге партия мүшелерінің қатысуын күшейту, қоғамдық қабылдаулардың қызметін жандандыру қажеттігі туралы айтып, партияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының жаңа мазмұнының қажеттілігін атап өткен болатын. Сондай-ақ, Jas Otan партиясының жастар қанатының жұмысын сапалы күшейтуді тапсырды.

Съезд шешімдері аясында партияны қайта құру және жаңғырту жөніндегі іс-шаралар шеңберінде бастауыш партия ұйымдары төрағаларының, партияның аумақтық филиалдарының мүшелік жарналарды төлеудегі өзгерістер бойынша жұмысы қайта форматталды. Ағымдағы жылдың қаңтар айында жарналар бойынша жоспар 100,2% – ға орындалды.

275 бастауыш партия ұйымдарының төрағаларына талдау жүргізілді. Ақпанның 18-24 аралығында 22 БПҰ-ның төрағаларын қайта сайлау бойынша жиналыстар өтеді. Соның нәтижесінде партияның облыстық филиалы жанындағы Саяси Кеңестің барлық дерлік мүшесі ірі бастауыш партия ұйымдарына бекітілді.

Жалпы, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары мен сьезд шешімдерін орындау жұмыстары жалғасуда.

Меніңше, 1 наурызда өтетін XXII съезде Қ. Қ. Тоқаев партияның нақты трансформациясын бастайды, партиялықтарды жаңа Қазақстанның құрылысына жұмылдырады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img