spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 16, 2025
15.2 C
Kokshetau

Бес ақмолалық спортшы Бейжіңдегі қысқы Олимпиадаға қатысады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолалық үш шаңғышы, бір биатлоншы және бір парашаңғышы Бейжіңде өтетін 24-ші Қысқы Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 24-ші Қысқы Олимпиада ойындары 4-20 ақпан аралығында Қытай астанасында Бейжіңде өтеді.

«Осы байрақты жарысқа елімізден жеті шаңғышы қатыстатын болса, оның үшеуі Ақмола облысының спортшылары. Олар Қазақстан Республикасының спорт шеберлері Валерия Тюленева мен Надежда Степашкина. Валерия Тюленева 2018 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы. Сонымен бірге, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия ойындарының чемпионы, Дүниежүзілік универсиада жүлдегері, үш Олимпиада ойындарының қатысушысы Евгений Величко бар. Бұдан бөлек, биатлоннан ұлттық құраманың сапына Қазақстан Республикасының спорт шебері, Әлем чемпионаттарының қатысушысы Александр Мухин еніп отыр», – деді ведомстводан.

Ведомствоның баспасөз хатшысы Махаббат Большина атап өткендей, 4-13 наурыз аралығында Бейжіңде өтетін XIII паралимпиадалық қысқы ойындарында тағы бір ақмолалық, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, XII қысқы Паралимпиадалық ойындарға қатысушы Денис Петренко өнер көрсетеді.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/bes-akmolalyk-sportshy-beyzhindegi-kysky-olimpiadaga-katysady_a3890016

 

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Арлан Қазақстан чемпионатының үш дүркін жеңімпазы атанды

Қазақстан чемпионатының плей-офф финалы аясындағы серияның төртінші кездесуінде көкшетаулық «Арлан» Өскеменнің «Торпедосын» 2:1 есебімен жеңіп, Pro Hokei лигасының үш...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика