spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.4 C
Kokshetau

Тұрмыс саласындағы құқық бұзушылықтар ақмола полицейлерінің ерекше бақылауында

Сондай-ақ...оқыңыз

Ағымдағы жылғы 24-30 қаңтар аралығында Ақмолада  отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстардың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған «тұрмыс» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі, деп хабарлайды Aqmola News ,ақпарат берген полиция бөлімі.

Полицейлер мас күйінде жасалған тұрмыстық қылмыстық құқық бұзушылық фактілері төмендемейтінін атап өтті.

«Осыған байланысты полиция қызметкерлері алкогольдік ішімдіктерді асыра пайдаланатын адамдарды тексереді. Сондай-ақ бұрын сотталған, қадағалаудағы, әкімшілік қадағалауға формальды түрде түсетін азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тексеруге бағытталған, оларға қатысты қорғау нұсқамалары шығарылған және ерекше талаптар белгіленген», – деп нақтылады полиция бөлімі.

Алдын алу іс-шаралары барысында оларды жасаған адамдардың контингенті бойынша облыс аумағындағы тұрмыстық қылмыстың жай-күйі, тұрмыстық қылмыстың себептері талданады, тұрмыс саласында құқық бұзушылық жасауға бейім адамдар тексеріледі.

Жалпы, өткен жылы отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін ҚР ӘҚБтК 73-бабы бойынша 1000-нан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. үшмыңнан астам қорғау нұсқамасы жасалды және 666 ерекше талап белгіленді.

«Тұрмыс» жедел-алдын алу іс-шарасы бұқаралық ақпарат құралдары, жұртшылық және мемлекеттік органдар өкілдерінің белсенді қатысуымен өткізіледі», – деді полиция бөлімі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img