spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Бизнестің бір қолда болуы мемлекет үшін қауіпті – Қасым-Жомарт Тоқаев

Сондай-ақ...оқыңыз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бизнестің бір қолға шоғырлануы, кәсіпкерлікке қабілетті басқа адамдардың айналысу мүмкіндігі болмауы барлық мемлекет үшін қауіпті үрдіс саналатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент реформалар жөніндегі жоғары экономикалық кеңес отырыстарының бірінде Қазақстанда олигополия бар екенін айтқанын еске алды.

«Мен дәл осы тезисті Парламентте 11 қаңтарда қайталадым. Мұнда қатысқандардың бәрі олигополияның классикалық анықтамасын біледі деп үміттенемін.

Олигополия – бизнесті әртараптандыруға тұрақты ұмтылыс, бірақ бұл ел экономикасын әртараптандыру үшін емес. Яғни, сол адам немесе сол компания өндіреді, өңдейді және банктермен жұмыс істейді және басқа да көптеген бизнестерді жүзеге асырады, ал қалғандары тигенін алады», деді Тоқаев.

Президент бизнесті монополиялау дұрыс емес екенін айтты.

«Адамдар бизнестің барлық түрі неге бір адамдар қолында деп ойлайды. «Біздің қай жеріміз кем?» деген сұрақ қояды. Гегельді Бабельмен шатастыратын, арнайы білімі жоқ адамдар бар, бірақ олардың қолында үлкен бизнес бар. Сондай-ақ арнайы курстарды бітірген білімді адамдар бизнес көздеріне, несие ресурстарына қол жеткізе алмайды. Бизнес дами береді, бұл депрессияны, қоғамға сенбеуді, осыдан туындайтын барлық әлеуметтік-экономикалық салдармен әділдікке сенбеуді тудырады», деді Қ.Тоқаев.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img