spot_img
Жұма, Тамыз 22, 2025
12.9 C
Kokshetau

Барлық бастауыш сынып оқушылары мектепке барып оқиды

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Бас санитар дәрігерінің білім беру ұйымдарында санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды күшейту туралы қаулысы шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаулы бойынша, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері мен ҚР Білім және ғылым министрлігі мынадай оқу форматын айқындауға міндеттелген:

1) мектепке дейінгі ұйымдар коронавирус матрицасы бойынша қандай түстегі аймақта болғанына қарамастан, ата-аналар өтініш білдірсе, штаттық форматта жұмыс істей алады;

2) «қызыл» аймақтағы: – жалпы білім беру мектептерінде 1-4 бастауыш сыныптар (халықаралық мектептерде 1-6-сыныптар) – штаттық форматта оқиды; – 600 оқушыға дейінгі мектептер штаттық форматта; – оқушы саны 600 оқушыдан көп мектептер жобалық қуатының 50%-нан аспайтын жүктемемен штаттық форматта білім береді; 3) мектептен тыс ұйымдар «қызыл», «сары», «жасыл» аймақта да штаттық форматта жұмыс істейді;

4) «Қызыл» аймақтағы жоғары оқу орындарын мен колледждерде практикалық, зертханалық, семинар сабақтар, өндірістік практика икемді кесте бойынша штаттық режимде, ал дәріс онлайн форматта өтеді. «Білім беру ұйымдарының әкімшісі вакцинацияның толық курсын алған мектеп оқушыларын штаттық форматта оқытуға жол бере алады», делінген құжатта.

Қаулының толқы мәтінін мына жерден көруге болады.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президенттің 2024 жылғы Жолдауын жүзеге асыру: отын-энергетика кешенін ауқымды жаңғырту қалай жүргізілуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде отын-энергетика кешенін жүйелі жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Сенімді, өзін-өзі қамтамасыз ететін және заманауи...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика