spot_img
Жұма, Мамыр 23, 2025
13.9 C
Kokshetau

Қазақстанда 22 қаңтарда күн райы қандай болады: «Қазгидромет» болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстанның басым бөлігіне антициклон жотасы әсер етіп, күн жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның деректеріне сілтеме жасап.

Ал фронталды бөліктер еліміздің батысы мен оңтүстігіне көбінесе қар мен қар аралас жаңбыр, әкеледі. Олармен бірге жел күшейіп, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі.

Жамбыл облысының солтүстігі, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түсіп, оңтүстік-батысы, солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында желдың жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз таулы аудандарында көктайғақ болады.

Түркістан облысының оңтүстігі, батысы, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түсіп, тау асуларында желдің күші секундына 15-20 метрге жетіп, күндіз таулы аудандарда көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысының батысы, солтүстік-батысында жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, түнде солтүстігінде тұман түседі.

Алматы облысының батысы, шығысы мен оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады.

Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстарының солтүстігі мен шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігі мен солтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстігі мен орталығында, Атырау облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі.

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаулық оқушы биология пәні бойынша халықаралық олимпиадада күміс жүлде жеңіп алып, Қазақстан құрамасының жеңісіне үлес қосты

Көкшетау қаласының №8 орта мектептің 10-сынып оқушысы Егор Менгулов Сочи қаласында (Ресей) 2025 жылғы 10–17 мамыр аралығында өткен биология...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика