spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Журналисті өлтіруге 5 млн теңге берген шенеунік ұсталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Түркістан облысының полиция департаменті журналисті өлтіруге тапсырыс берген шенеунік екенін растады, деп хабарлайды Zakon.kz

3 қаңтарда Түркістан облысы Сарыағаш ауданында танымал журналистің үйіне шабуыл жасалып, салдарынан оның баласы зардап шеккені жайлы ақпарат әлеуметтік желілерде тарала бастады.

Сол күні полиция бұл фактіні тіркеп, Қылмыстық кодекстің 24-99 баптары «адам өлтіруге оқталу» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қылмысты ашуда бірқатар нұсқаны негізге алдық. Журналистің кәсіби қызметіне байланысты осы қылмыстың жасалуы мүмкін екені де ескерілді. Кейіннен осы нұсқа расталды.Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Қайрат Дәлбеков

Аталған оқиғаны тергеу барысында Шымкент қаласының екі тұрғыны ұсталды.

Олар оқ атып, оқиға орнынан қашып кеткен. Содан кейін полиция қызметкерлері делдалдар мен қылмысты тапсырыс берушілерге шықты. Бүгінгі таңда біз осы қылмысқа қатысы бар 5 күдіктіні ұстадық. Заттай айғақ ретінде олардан ВАЗ маркалы 2 автокөлік тәркіленді. Қылмысты орындаушылар бұл автокөліктерді қылмысты жасағаны үшін алған ақшаға сатып алған. Сондай-ақ, олардан 16 калибрлі патрондар тәркіленді.Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Қайрат Дәлбеков

Полиция департаментінің бастығының айтуынша, Сарыағаш ауданы тұрғындарының бірі қылмысқа тапсырыс берген. Бірақ оның аты-жөні айтылмады.

Тапсырыс беруші журналисті өлтіру үшін 5 000 000 теңгеге келіскен. Қылмысты орындаушылар ізін жасыру мақсатында тапсырысты орындап, Сарыағаш ауданынан Шардараға, содан соң Арыс арқылы Шымкентке барған.Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Қайрат Дәлбеков

Іс бойынша 5 күдікті ұсталды, тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу барысында қылмыстың себебі мен барлық мән-жайы анықталады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img