spot_img
Сәрсенбі, Наурыз 11, 2026
-15.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында өртенген үйден 82 жастағы қария құтқарылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Сандықтау ауданында жеке тұрғын үй өртеніп, 82 жастағы қария құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 қаңтар күні сағат 10:37 Сандықтау ауданының №17 өрт сөндіру бекетіне Балкашино ауылында жеке тұрғын үйден өрт шыққандығы туралы хабар түсті.

«Шақырту орнына ТЖД жеке құрамынан 8 адам мен 2 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Өртенген үйден 1940 жылғы зейнеткер құтқарылды. Өрт сағат 11:07 ауыздықталып, сағат 11:30 сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда», – деді ведомстводан.

Осы ретте, Ақмола облысының ТЖД қызметкерлері облыс тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін еске салады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жаңа Конституция адамға бағытталған мемлекеттік басқарудың жаңа философиясын қалыптастырады – Абзал Құспан

Елордада «Конституциялық реформа және қоғамдық диалог: келешекке бағдар» атты сарапшылар алаңы өтіп жатыр. Іс-шарада Парламент депутаттары, саясаттанушылар, академиялық қауымдастық...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика