spot_img
Бейсенбі, Тамыз 21, 2025
16.2 C
Kokshetau

Ақмолалық полицейлер көпбалалы отбасын өрттен аман алып қалды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында полиция қызметкерлері көпбалалы отбасын өрттен құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт биылғы жылдың 5 қаңтарында сағат 11:00 шамасында Зеренді ауданының Викторовка ауылында орын алған.

«Өрт болған үйде көп балалы отбасы тұрды. Отағасы астанада жұмыс істейді. Үйде 34 жастағы Ирина мен оның бес баласы қалды. Өрт шыққан кезде әйел балаларымен бірге далаға жүгіріп шықты», – деді ведомстводан.

Сол уақытта әкімшілік аумақты аралап жүрген Зеренді аудандық ПБ учаскелік инспекторлары, полиция капитаны Ардақ Нұрмұқанов пен майор Ризабек Қуанышбаев далада тұрған әйелді балаларымен бірге қызметтік көлікке отырғызды. Ал өздері отқа оранған үйден газ баллонын сыртқа шығарып, өртті сөндіруге тырысты.

Осылайша, тәртіп сақшыларының қырағылығының арқасында үй толық жанып кетуден аман қалды.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президенттің 2024 жылғы Жолдауын жүзеге асыру: отын-энергетика кешенін ауқымды жаңғырту қалай жүргізілуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде отын-энергетика кешенін жүйелі жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Сенімді, өзін-өзі қамтамасыз ететін және заманауи...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика