spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмолалықтарды толғандырған мәселелер қоғамдық кеңесте қаралды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында Қоғамдық кеңес жеке мәселелерін айтып келген азаматтарды қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында өңір депутаттары тұрақты түрде халықпен кездесіп тұрады. Тұжырымдама аясында әрбір азамат депутатқа өз мәселесі бойынша жүгіне алады, ал олар өз кезегінде олардың сауалдарына жедел әрі сындарлы жауап қайтарады.

Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы Рүстем Қалишев бастаған облыс орталығының депутаттары жеке мәселелерін айтып келген тұрғындарды қабылдап, сауалдарына құлақ түрді. Азаматтарды қабылдау барысында тұрғындар Краснояр ауылындағы кәрізді жөндеу, тұрақты тіркелу, тұрғын үй кезегі және басқа да өзекті мәселелерді көтерді. Онда айтылған барлық сұрақтар бойынша түсініктемелер беріліп, олардың кейбіреулері қалалық мәслихат басшысының жеке бақылауына алынды.

Қабылдауға келгендер арасында Көкшетау қаласының тұрғыны Роза Крылова тұрғын үй алу мәселесін көтерді.

«Кез келген адам өзінің жеке баспанасы болғанын қалайды. Менің тұрақты тіркеуім болмағандықтан, тұрғын үйге кезекке тұру үшін қиындықтар туындады. Бүгін қабылдауда депутаттар маған тіркеуге және кезекке тұруға қалай көмектесуге болатынын түсіндірді», – деді Роза Крылова.

Ал, зейнеткер Бибінұр Ғабдрахманова болса, Васильковский шағын ауданында тікелей жол салу мәселесін қозғады

«Мұндай қабылдау өткізу халық үшін өте қажет. Мені және көршілерімді толғандыратын Васильковский шағын ауданы жағынан жол салу мәселесі шешімін табатыны қуантты», – деді зейнеткер.

Депутаттардың айтуынша, аталмыш жолды салу үшін қазіргі кезде оның жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде, жоба келісілгеннен кейін қаржы бөлінетін болады.

«Мұндай қабылдаулар жүйелі түрде өткізіліп тұрады. Бұл тұрғындардың белгілі бір мәселелер шешіп, сауалдарына тұшымды жауап алуларына мүмкіндік береді», – дейді депутаттар.

Қабылдауда тұрғындар көтерген сауалдардың 20-ға жуығы бойынша жұмыстар қолға алынса, бір бөлігі тиісті мемлекеттік органдарға жіберілетін болады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img