spot_img
Сейсенбі, Қыркүйек 17, 2024
1.2 C
Kokshetau

Ақмола полициясына терроризм актісі туралы екі жалған хабарлама келіп түсті

Сондай-ақ...оқыңыз

Ағымдағы жылдың 8 қаңтарында сағат 14:52-де Көкшетау қ. полиция басқармасының ЖБО Көкшетау қаласының 30 жасар тұрғынынан оған бір ер адамның келіп, сауда үйлерінің бірінің ғимаратына бомба қойылғанын хабарлағаны туралы телефон қоңырауы келіп түсті.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабы 1-бөлігі «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде полиция қызметкерлері жарылғыш заттың салынғаны туралы жалған хабарлама жасағаны үшін облыс орталығының 32 жастағы тұрғынын ұстады.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес бұл азаматтың «алкогольдік масаңдықтың орташа дәрежесі» белгіленген.

Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде Көкшетау қ. ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іздестіру жұмыстары барысында полиция қызметкерлері жарылғыш зат таппады.
2022 жылғы 9 қаңтарда сағат 21.25-те Көкшетау қ. ПБ ЖБО-ға «102» нөміріне Көкшетау қаласының тұрғынынан оның пәтерінде жарылғыш зат бар екендігі туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Аталған факті ҚР ҚК 273-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жарылғыш зат туралы хабарламаны полицияға хабарлаған тұрғынның өзі ойдан шығарғаны анықталды. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес азаматшада «алкогольдік масаңдықтың орташа дәрежесі» анықталды. Іздестіру жұмыстары барысында полиция қызметкерлері жарылғыш зат таппады.

Естеріңізге сала кетейік, адамдардың қаза табуы, елеулі мүліктік залал келтіру не өзге де қоғамға қауіпті салдарлардың туындау қаупін туғызатын дайындалып жатқан жарылыс, өрт қою немесе өзге де әрекеттер туралы көрінеу жалған хабарлама 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Акушер – медбике Жанат Әділова денсаулық сақтауға 40 жыл өмірін арнады

СҚО Айыртау ауданы Сырымбет орта мектебінің медбикесі Жанат Әділова 1976 жылдан бастап өмірін медицинаға арнады. Акушер, медбике және өз...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img