Ақмола облысының полицейлері із-түзсіз жоғалған 26 жастағы әйелге іздеу жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылғы қаңтардың 3-де Көкшетау қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының тұрғыны жүгініп, 11.07.1995 жылы туған жиені Аида Әскербекқызы Таутекованы іздеуге көмек сұрады.
Жоғалған адам қаңтардың 3-де сағат 15:00 кезінде үйінен шығып, қайтып орламаған. Аиданың бойы – 165-170 см, дене бітімі – тығыз, шашы – ұзын, қоңыр.
Үстіне қара пехора, қара етік, шарф пен бас киім киген. Өзімен бірге қара түсті былғары сөмке, ұялы телефон алып жүрген.
«Жоғалған адамды іздеуге ПБ жеке құрамы мен күштері бағытталды. Олар адамдар көп жиналатын орындарда, сауда үйлері мен базарларды, қонақ үйлерді, қараусыз қалған құрылыстардың аумағын сүзіп шықты», – деді ведомстводан.
Осчы ретте, тәртіп сақшылары жоғалған адамның жүрген жері туралы қандай да бір ақпаратқа ие адамдар болса, Ақмола облысы ПД криминалды полиция басқармасына 8(7162) 29-93-72, 8-707-255-59-35 немесе «102» телефондары бойынша дереу хабарлауды сұрайды.