Жаңа жыл түнінде жұмбақ жағдайда жоғалған Аршалы ауданының тұрғыны 27 жастағы әйел табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Аршалы ауданының тұрғыны 27 жастағы әйел желтоқсанның 31-де түнгі сағат 12:00 шамасында жұмбақ жағдайда жоқ болып кеткен. Күйеуінің сөзінше, әйел үйінен шығып, қайтып оралмаған.
«Аршалы аудандық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері биылғы жылғы қаңтардың 1-де жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жоғалған әйелді Нұр-Сұлтан қаласындағы құрбысының үйінде тапты. Оның денсаулығы мен өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Оқиғаның себебі анықталуда. Полиция 1-ші қаңтар күні әйелді тұрғылықты жері бойынша отбасына аман-есен қайтарды», – деді ведомстводан.
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/zhana-zhyl-tuninde-zhogalgan-akmolalyk-ayel-tabyldy_a3881167