Әр бала Аяз Атаның қолынан жаңа жылға сыйлық алуды армандайды. Алайда, мұндай мүмкіндік баршасында бола бермейді. Өкінішке орай, Ақмола облысының кейбір кішкентай тұрғындары мерекені ауруханаларда қарсы алуға мәжбүр. Балалардың көңіл-күйін көтеру үшін ТЖД қызметкерлері облыстық балалар ауруханасының пациенттеріне ертегі кейіпкерлерінің костюмдерімен келді, деп хабарлайды Aqmola News агенттігі.
– Біреулер Аяз ата ат немесе бұғы мініп жүреді деп ойлайды, ал бүгін бізге өрт сөндіру машинасымен ерекше сиқыршы келді! – дейді аурухана қызметкерлері.
Аяз ата мен Ақшақар үшінші қабатқа автосатымен көтеріліп, балаларға сыйлықтарын табыстау барысында тезірек сауығып кетулерін тіледі. Іс-шара «Доброе сердце» еріктілерімен бірге өтті.
Сонымен қатар, өрт сөндірушілер Жаңа жылды қауіпсіз өткізу мақсатында облыстық балалар ауруханасында өрт-техникалық сабақтарын өткізді.