spot_img
Дүйсенбі, Қараша 3, 2025
-6.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында 25 жас шахматшы бір мезгілді ойын сеансына қатысты

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Көкшетау қаласындағы Әл-Фараби атындағы IT лицейде классикалық шахматтан турнир өтті, деп хабарлайды білім басқармасының баспасөз қызметі.

Спорттық турнир Көкшетау қаласының білім бөлімімен мектеп жасындағы балалар арасында салауатты өмір салтын және шахмат спортын насихаттау, жас таланттарды қолдау, зияткерлік спорт түрлеріне қызығушылықты арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Бұл жарыстың ерекшелігі Көкшетау қаласының құрметті азаматы, педагогикалық еңбек ардагері, шахмат бойынша спорт шеберіне үміткер Тельман Мукушев қала мектептерінің 25 жас шахматшыларымен бір мезгілде ойын сеансын өткізді.

Өз құрдастарының арасында № 2 мектеп-лицейінің оқушысы Бейбарыс Мамыров Тельман Шәріпұлымен тең ойын көрсетті.

Жеңіске деген жігері үшін Бейбарыс Мамыров І дәрежелі дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды. Бір мезгілді ойын сеансының барлық қатысушыларына сертификаттар берілді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президенттің қатысуымен білім және ғылым саласындағы стратегиялық серіктестердің халықаралық форумы өтті

Астанада Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Қазақстан – академиялық білім аймағы» атты стратегиялық серіктестердің халықаралық форумы өтті. Мемлекет басшысы...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика