spot_img
Жексенбі, Қараша 24, 2024
-7.5 C
Kokshetau

Төрт мыңға жуық ақмолалық Pfizer вакцинасының бірінші компонентін алды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында 3977 адам Pfizer вакцинасының бірінші компонентін алды, оның 117 жүкті әйел, 975 бала емізетін және 2885 жасөспірім. Бұл туралы брифинг барысында өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бас дәрігердің мәліметінше, Ақмола облысында бес вакцинаның бірінші компоненті 329972 адамға егілді, бұл тиісінше халықтың 68,9 пайызы және жалпы халықтың 44,9 пайызы. Барлық бес вакцинаның екінші компонентін 299789 адам алды, ол егуге жататын халықтың жалпы санынан 62,5 пайызын, жалпы санынан халық саны 40,8 пайызды құрайды. Өңірде қараша айынан бері вакцинация қарқыны екі есеге артқан.

«Pfizer шығарған Комирнати вакцинасының алғашқы дозасымен 3977 адам вакцинацияланды, оның ішінде 117 жүкті әйел, лактация кезеңінде 975 әйел және 12 жастан 17 жасқа дейінгі 2885 жасөспірім. Екінші доза 1560 адамға егілді, оның ішінде 21 жүкті әйел, лактация кезеңіндегі 319 әйел және 1220 жасөспірім. Вакцинаға жағымсыз реакциялар тіркелген жоқ», – деп бөлісті өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері. Сонымен қатар, Ақмола облысында қазірдің өзінде ерікті негізде 19271 адам қайта вакцинацияланды.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img