spot_img
Сенбі, Сәуір 12, 2025
14.2 C
Kokshetau

«Жасыл» аймақ: Ақмола облысында COVID-19 ауруы төмендеуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Облыста коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай салыстырмалы түрде тұрақтанды және бақылау деңгейлері шегінде сипатталады. Бұл туралы брифингте облыстың бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина айтты, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 21 желтоқсанда Ақмола облысы «жасыл аймаққа»ауысты.

«28 желтоқсандағы жағдай бойынша өткен аптада алдыңғы аптамен салыстырғанда сырқаттанушылық 349 – дан 315 жағдайға дейін 10,7% – ға төмендегені байқалады», – деді Айнагүл Мусина.

Бұл ретте төрт аудан «сары» аймақта, ал алты аудан «қызыл» аймақта орналасқан.

«Қазақстанда толық геномдық секвенирлеу жүргізілді, оның нәтижелері бойынша бүгінгі таңда республикада басым көпшілігінде «Үнді» және «британдық штаммдар»айналымда екені анықталды. Омикрон коронавирус штаммының нұсқасы табылған жоқ. Ұлттық референц зертханаға Омикрон вирусын секвенирлеуге биоматериалдың 6 сынамасы жіберілді. Жұмыс нәтижелерін күтудеміз», – деп атап өтті спикер.

Департамент басшысының мәліметінше, қарашадан бастап облыс бойынша вакцинация қарқыны айтарлықтай өсті. Егер қараша айының басында күніне 400-500-ден аспайтын адам егілсе, бүгінде бұл көрсеткіш екі есе өсті.

«Pfizer/BioNTech шығарған Комирнати вакцинасы, 3977 адам егілді. Оның ішінде 117 жүкті әйел, 975 әйел лактация кезінде және 2 885 жасөспірім», – деп қорытындылады Айнагүл Мусина.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Нашақорлық – қауіпті індет, алдын алу – міндет!

Қосшы қаласында орналасқан қоғамдық мәдени спорт кешені ғимаратында «Нашақорлық - қауіпті індет, алдын алу - міндет!» деп аталатын ТEDx...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img