spot_img
Жексенбі, Қыркүйек 8, 2024
9.9 C
Kokshetau

Ақмолада балаларға арналған күйікке қарсы бірегей төсек-орын пайда болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облыстық көпбейінді балалар ауруханасында балаларға арналған бірегей күйікке қарсы төсек-орын пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сатурн-90» атаулы өртке қарсы төсек орны ресейде өндірілген. Бұл өңірдгі жалғыз төсек орын.

«Төсек күйік, терінің зақымдануы және отадан кейінгі жаралары бар балалар мен жасөспірімдерді емдеуге арналған. Кереуеттің бірегейлігі – қайта пайдалануға болатын парақтың астында микрокристалдар, натрий-кальций әгінің микросферасы судың имитациясын жасайды. Науқас осы бетінде болған кезде, адам суда жүзіп жүрген сияқты, бірақ мұнда бәрі құрғақ және тері қабаттарына қысым жоқ. Осылайша, зақымдалған учаскелер қалпына келеді және қан ағымы жақсарады, сондай-ақ жараларды емдеу жеделдейді», – деп бөлісті облыстық көпбейінді балалар ауруханасының директоры Серікжан Сабырәлиев.

Айта кетсек, 2021 жылы көпбейінді облыстық балалар ауруханасына күйік шалған 131 бала түсті. Оның ішінде жетеуінің жағдайы ауыр болды, үшеуінің денесі 30-дан 60 пайызға дейін күйіп қалды. Бір баланы құтқару мүмкін болмады.

«Бұл төсек жараларды зарарсыздандырудың ерекше қасиеттеріне ие. Мұнда қайта пайдалануға болатын жайма сұйықтықты сіңіреді және ол натрийге айналады, осылайша дезинфекцияланады», – деп түсіндірді С.Сабырәлиев.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/akmolada-balalarga-arnalgan-kuyikke-karsy-biregey-tosek-oryn-payda-boldy_a3879510

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жетістікке апарар жол

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ, «Жетістікке апарар жол» атты қазақ боксшысы, 2013 жылғы Азия чемпионы, Бүкіләлемдік...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img