spot_img
Бейсенбі, Қараша 20, 2025
2.2 C
Kokshetau

Жас қазақстандықтар отбасы, достық және денсаулықты басты құндылықтар деп санайды

Сондай-ақ...оқыңыз

         Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында қаралған «Қазақстан жастары – 2021: Тәуелсіздіктің 30 жылы» атты ұлттық баяндаманың тоғызыншы шығарылымы аясындағы талдау барысында жастардың қазіргі дамуының бірнеше маңызды сипаттамалары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осылайша, жастардың негізгі құндылықтары соңғы 5 жыл бойы өзгеріссіз қалды. Өткен жылдардағыдай жастар арасындағы басты құндылық отбасы – 82,5%, екінші орында денсаулық – 45,6%, үшінші орында достық – 23,1%.

Сауалнамаға қатысқан жастардың 72,3% өздерінің денсаулықтарын мықты деп санайды, 44,8% үнемі профилактикалық тексеруден өтеді. Жастарды бұқаралық спортқа тарту процесінде де оң динамика бар екенін атап өткен жөн. Жастардың 60,9% спортпен жүйелі түрде шұғылданады. Сондай-ақ, ғылым саласында да оң динамика байқалады: соңғы 9 жылда 35 жасқа дейінгі ғалымдар саны 21% артты.

Жалпы, жастардың 78% болашаққа зор сеніммен қарайды.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Авторлық құқықтың негізгі объектiлерi

Авторлық құқық және сабақтас құқықтар азаматтық-құқықтық институты әдебиет, ғылым және өнер туындыларын жасау және пайдалану саласындағы мүліктік емес қатынастарды...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика