spot_img
Жексенбі, Қыркүйек 8, 2024
9.9 C
Kokshetau

Ақмола облысында алғаш рет »Baby skills» чемпионаты өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Красный Яр ауылындағы агротехникалық колледжде «Мансур» және «Амина» балабақшалары тәрбиеленушілерінің қатысуымен мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Baby Skills» жұмысшы мамандықтарының бірінші чемпионаты өтті, деп хабарлайды »Aqmola News»  агенттігі

Байқауға «Жас аспаз» және «Жас агроном» құзыреттіліктері бойынша 12 бүлдіршін қатысты.
Сайысты ұйымдастырудағы басты мақсат, ерте кәсіптік бағдар мен мамандық туралы ерте түсінікті қалыптастыру.

Жас агрономдар көк нәрді заманауи гидропоникалық қондырғыға отырғызды. Сонымен қатар, микро жасыл тұқымдарды арнайы формаларға сеуіп, мамандықтың қыр-сырын танып білді. Ал жас аспазшылар пицца жасаудың кезеңдерін орындап, оны пісіріп, дәмін татты.

Марапаттау рәсімінде барлық қатысушыларға қатысқаны үшін грамоталар, фотосуреттер және естелік сыйлықтар табыс етілді.

Ұйымдастырушылар іс-шараға белсене қатысқан «Мансур» және «Амина» балабақшаларының әкімшілігіне «Бэйби бум» ЖШС, «Блок питания» «Клеменко» ЖК, және «ForteBank» АҚ қолдау көрсеткендері үшін алғысын білдірді.

«Baby Skills» чемпионаты — бұл тек «бірінші сынама», бірақ біз қозғалыстың алдағы уақытта дамып, осы тәжірибенің Көкшетау қаласы мен Ақмола облысының барлық мектепке дейінгі мекемелері арасында таралатынына сеніміміз зор. Мүмкін, кейбір қатысушылар үшін чемпионат мамандық таңдаудағы алғашқы қадамы болар», – деп атады колледж басшысы Сайран Сейткалиева.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жетістікке апарар жол

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ, «Жетістікке апарар жол» атты қазақ боксшысы, 2013 жылғы Азия чемпионы, Бүкіләлемдік...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img