Алматыда Innova зертханасында 6 мың теңгеге, ал Атырау облысында (Interteach, Вестерн, Достар Мед Престиж) 5 мың теңгеге дейін төмендетіліп отыр. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі коронавирусты анықтауға арналған ПТР-тест бағасының төмендегенін хабарлады, деп жазады sputnik.kz.
«2021 жылы 6 желтоқсанда «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК COVID-19-ға ПТР-тестілеу қызметінің құнын 6,4-тен 4,9 мың теңгеге дейін төмендетті. Ұлттық сараптама орталығы республиканың 17 өңірінде қызмет көрсетеді», – дейді агенттік мамандары.
Ресми мәліметке сәйкес, қазіргі кезде ПТР-тестің құны Алматы қаласында (Innova зертханасы) 6 мың теңгеге, ал Атырау облысында (Interteach, Вестерн, Достар Мед Престиж) 5 мың теңгеге дейін төмендетіліп отыр.
«Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен Түркістан қалалық ауруханасында жасалған монополияға қарсы комплаенс аясында аталған медициналық мекеме ПТР-тест бағасын 7 мыңнан 4,9 мың теңгеге дейін түсірді», – делінген ресми хабарламада.
Алайда ірі зертханалардың филиалдарында COVID-19 ПТР-тестің бағасы бұрынғы деңгейде қалып отыр. Орташа құны – 7,4 мың теңге.
Айта кетері, 2020 жылы қазан айында ПТР-тестің бағасы 12 мыңнан 9 мың теңгеге дейін төмендеген болатын.