spot_img
Бейсенбі, Қараша 20, 2025
2.2 C
Kokshetau

Осыдан 30 жыл бұрын Алматыда ТМД-ның мақсаттары мен қағидаттарын бекітетін декларацияға қол қойылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-парақшасында 30 жыл бұрын Алматыда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) қағидаттары туралы декларацияға қол қойылғанын еске алды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«21.12.1991 жылы Алматыда Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен ТМД-ның қағидаттары мен мақсаттарын бекіткен Декларацияға қол қойылды. 30 жыл ішінде ТМД әлемдік қоғамдастық мойындаған беделді өңірлік ұйымға айналды. Қазақстан ТМД-ны қолдайды және оның жұмысына белсене атсалысады», – деп жазды Тоқаев.

Айта кетейік, 1991 жылы 13 желтоқсанда Түрікменстан астанасы Ашхабадта КСРО құрамына кірген бес Орталық Азия мемлекеті: Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан президенттері кездесті. Кездесу қорытындысы бойынша қабылданған мәлімдемеде елдер бұрынғы КСРО мемлекеттерінің тең қатысуы шартымен ТМД ұйымына кіруге келісім білдірді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында да қаржылық пирамидалардың құрбандары жыл сайын артып келеді

Мұндай алаяқтық схемалар азаматтардың сенімін пайдаланып, жылдам табысқа құмарлығын, экономикалық қысымды қолданады. Бұл туралы сұхбат барысында Ақмола облысы бойынша...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика