spot_img
Сәрсенбі, Қаңтар 21, 2026
-22.8 C
Kokshetau

Алматыда экс-полицей зейнеткерлерді тонау дерегін жасырған

Сондай-ақ...оқыңыз

Алматыда экс-полицей қатысқан тонау қылмысы тергеліп жатыр. Ол қылмыс болатыны туралы хабарламаған. Әлеуметтік желілерде тонау салдарынан екі зейнеткер қаза тапты деген ақпарат тарады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Хабарламаны Kozachkov offside Telegram-арнасы жариялады. Белгісіз автордың айтуынша, зейнеткерлер саяжайын сатқаны және үйде 17 миллион теңге бар екені туралы ақпаратты орган қызметкері таратқан.

«Есімімді жасырып жариялауды сұраймын. Алматыда Наурызбай ПБ-да ТЖ болды. Учаскелік инспектор екі адамға бір күн бұрын саяжайын сатқан зейнеткерлердің үйін тонау туралы нұсқау берген. Олар ақшаны таба алмай, зейнеткерлерді тұншықтырған. Ұсталғаннан кейін олар учаскелік полиция қызметкері нұсқау бергенін мойындаған. Ол да кінәсін мойындады», – делінген белгісіз автор хабарламасында.

Алматы қалалық Полиция департаменті мәліметінше, зейнеткерлер қаза болғаны туралы хабарлама расталмаған, қылмысты жасады деген күдікпен қаланың 27 жастағы тұрғыны ұсталды.

«Бұдан бөлек, бұрын ішкі істер органдарында жұмыс істеген азамат қылмыс болатыны туралы ақпаратты жеткізбегені, ол үшін жауапкершілікке тартылғаны және Алматы қаласы ПД УҰИ-ға қамауға алынғаны анықталды», – деді Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Сондай-ақ, полиция қылмыстық іс бойынша басқа да мәлімет ҚР ҚІЖК 201-бабының талабына сәйкес жария етуге жатпайтынын мәлімдеді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президент неке институтын «ер мен әйелдің ерікті, ресми одағы» деп заңмен бекітуді ұсынды

Әр азаматтың таңдау құқығы бар, бірақ бұл таңдауды ешкім күшпен таңа алмайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика