Нұр-Сұлтанда бірнеше мектепке белгілі қайраткерлердің есімі берілмек. Үкімет қаулысының жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Үкімет Нұр-Сұлтан қаласының мына білім беру ұйымдарына жаңа атау беруді жоспарлап отыр:
- Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 11 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Өзбекәлі Жәнібековтың есімі;
- Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 49 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қошке Кемеңгерұлының есімі;
- Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 69 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Кемел Ақышевтың есімі;
- Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 2 Балалар музыка мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына Роза Бағланованың есімі;
- Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 3 Балалар музыка мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына Ермек Серкебаевтың есімі;
- Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 66 мектеп-лицейі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына Дінмұхамед Қонаевтың есімі;
- Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 77 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына Фариза Оңғарсынованың есімі;
- Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 83 мектеп-гимназиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына Ыбырай Алтынсариннің есімі.
Қаулы жобасын жария талқылау 23 желтоқсанға дейін жалғасады. Құжаттың толық мәтінін мына сілтеме арқылы оқи аласыз.