spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Алматы облысында әкімдік атын жамылып ұрлық жасағандар ұсталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қарастырылып отырған бап бойынша 3 жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін. Алматы облысы Талғар ауданында әкімдіктің атын жамылып, қиыршық тас ұрлаған 10 адам ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Талғар ауданы әкімдігінің хабарлауынша, күдіктілер Цыганка өзенінің арнасына 6 КАМАЗ, 2 экскаватормен келген. Жергілікті тұрғындардың сауалына «әкімдіктен рұқсатымыз бар» деп жауап берген.

Алайда олардың әрекеті күдікті болғандықтан, жергілікті тұрғындар бірден полицияға хабар берді.

«Тапа-тал түсте ұрлыққа шыққандарды полиция қиыршық тасты жүк көлігіне тиеп жатқан жерінен ұстады. Олар бөлімшеге жеткізілді», – деп хабарлады аудан әкімдігі.

Күдіктілердің үстінен Қылмыстық кодекстің 334-бабы 1-бөлігі («жер қойнауын өз бетінше пайдалану») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұл бап бойынша белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға дейiнгi мерзiмге айырылады немесе 200 АЕК (583 400 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады. 200 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тарту не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу жазасы қолданылуы мүмкін.

Айта кетері, қиыршық тасты ұрлау әрекетінің соңы суармалы судың ағымына кедергі жасайды. Салдарынан шаруаларға су дер кезінде жетпей қалады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img